Юриспруденция кафедрасы



бет8/61
Дата18.06.2022
өлшемі1,18 Mb.
#146739
түріСеминар
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   61
Байланысты:
Юриспруденция кафедрасы

Саяси функцияқоғамның алдында тұрған мақсатты, саясатты жалпы теория тұрғысынан орындау бағыттарын, жолдарын белгілеу. Мемлекеттің ішкі – сыртқы саясатының ғылыми тұрғыдан орындалуын қамтамасыз ету.
Идеологиялық функцияжалпы теория қоғамдары әртүрлі көзқарасты, саясатты, идеяларды біріктіріп, ғылыми тұрақты жүйе қалыптастырып, адамдардың сана – сезімін, құқықтық мәдениетінің сапасын жақсарту.
Тәжірибелік – ұйымдық функциятәжірибелерге сүйене отырып жалпы теория қоғамдағы заңдылықты, тәртіпті сапалы іске асыру үшін ұсыныстар жасап отыруы қажет.
Болжау функциясыжалпы қоғамдағы саяси – құқықытық құбылыстармен ғана шектелмей сол құбылыстардың болашақ бағытын зерттеп, ғылыми қортынды тұжырымдар жасап, оны құқықтық реттеп, басқару бағдарламасын дауындауы қажет.
Құқық және мемлекет теориясының фунциялары бір бірімен тығыз байланыста дамиды. Олардың қызметін біріктіріп зерттегенде жалпы теорияның қоғамдағы маңызы жақсы көрінеді. Жалпы теория өз фунцияларын заң ғылымының басқа салаларымен бірлесіп атқарады. Сонда ғана нәтиже болады.
Мемлекет және құқық теориясяның белгі – нышандары. Мемлекет және құқық теориясы адам қоғамының бір саласын жан –жақты зерттеп, оның объективтік даму заңдылықтарын, өзара байланысын анықтап, оларды қолданудың жолдарын көрсетіп отырады. Сондықтан жалпы теория қоғамдық ғылымының бір саласы.
Жалпы теория қоғамджық ғылымсдардың ішіндегі тек мемлекеттік – құқықытық құбылыстарды зерттейтін саласы. Сондықтан жалпы теория заң ғылымының бір саласы.
Жалпы теория заң ғылымдарының барлық салаларының объективтік даму заңдылықтарын зерттеп, оларды қалай қолдану жолдарын көрстеіп отырады және ғылымының салаларынын бірлесіп, дербестік даму бағыттарын анықтап отырады. Сондықтан мемлекет және құқық теориясы заң ғылымының ішіндегі ең терең түйінді ғылым, (фундаментальды ғылым).
Мемлекет және құқық теориясы заң ғылымының салаларына бағыттаушы, ұйымдастырушы, әдістемелік ғылым. Мемлекет және құқық теориясы заң ғылымының садаларына тиісті әдістемелік жасап, оны ғылыми тұрғыдан қалай қолдану әдіс – тәсілдерін анықтап отырады.
Жоғары мектепте студенттер көптеген пәндерді оқудан бұрын, ең алдымен «Заң ғылымы дегеніміз не?» «Мемлекет және құқық теориясы деген не?» Міне,осы сұрақтарға олар жауап алуы қажет. Толық жауапты студенттерге мемлекет және құқық теория пәні береді. Бұл пәнді студенттер бірінші курста оқып, мемлекет және құқық туралы білім алып, олардың қоғамды реттеп, басқарудағы рөлін, маңызын жақсы түсініп шығады. Сөйтіп, студеттердің жоғары курстарда заң ғылымының салалық пәндерін оқып, жақсы түсінуге мүмкіншілік жасалады.
Қоғамдағы ғылымдардың, соның ішінде заң ғылымының, даму процесінде сан қырлы қиындықтар кездесіп жатады. Оның себептері: қоғамның объективті даму заңдылықтарының, мүлде – мақсаттарының күрделенуі. Әсіресе, бұл процесс қоғамның дағдарысқа ұшырау кезінде немесе өтпелі дәуірде өте қатты шиеленіске кездеседі. Бұл кезде қоғамдық ғылымдарға, соның ішінде заң ғылымына, талап күшейеді. Заң ғылымының, мемлекет пен құқықтың алдына қойылатын талап-қоғамды реттеп,басқаруды күрт жақсартып, қиыншылықтан,дағдарыстан тезірек алып шығу және қылмысқа қарсы күресті батыл, табанды жүргізу.
Қоғамдағы іргелі-фундаментальді ғылымдар өмірдін сұранысына, талабына жауапты тез, үстірт бере алмайды. Шын, сапалы ғылым бір күндік, бір айлық немесе бір жылдық іс емес. Ол көп жылдық ғылыми зерттеуден өтетін іс-әрекет, оны өмірлік-тәжірибелік сынықтан өткізу қажет. Осы процестерден кейін ғылыми қорытынды басқаруды жақсарту мәселесіне заңды түрде кірісуге болады.
Қазіргі кезеңде нарықты экономика реформасы, қоғамның әлеуметтік саласындағы жаңа келеңсіз жағдайлар ғылымның әлеуметтік саласындағы жаңа келеңсіз жағдайлар ғылымның алдына бұрын болмаған қиындықтарды, келеңсіз жағдайлар ғылымның алдына бұрын болмаған қиындықтарды, келеңсіз істерді үйып-төкті. Осы қиын жағдайдан ғылыми тұрғыдан шығу жолын, бағытын тез, аз уақыт ішінде көрсетуге болмайды. Және бұл қиндық, дағдарыс қағамның бір-ақ саласын зерттеумен шұғылданады. Сондықтан қазіргі дағдарыстан шығу үшін қоғамдық ғылымның барлық саласы бірігіп ғылыми зерттеу жүргізу қажет. Мұндай зерттеу елімізде жүргізіліп жатыр, екі-үш жылда қорытынды тұжырымдар болуғп тиіс.
Жалпы теория мемлекеттік – құқықтық проблемалармен бірге дүниетаным мәселерін де зерттеп қоғамның әлеуметтік жағдайын қосып, ғылыми тұрғыдан қорытынды тұжырымдар жасап, құқықтық нормалар арқылы қоғамдық, топтық, жеке тұлғалық мүдде-мақсаттарды іске асыруға, сапалы орындауға мүмкіншілік жасап отырады. Құқық және мемлекет теориясының ғылыми даму бағыттары: Жалпы ерекшелік заңдылықтарды зерттеу; негізгі күрделі мәселерді зерттеу; жалпы теорияны дамыту; жалпы теорияның салаларын, жүйелерін біріктіріп зерттеу.
1). Мемлекет және құқық теориясы (жалпы теория) заң ғылымының өзіне тән ерекшеліктерін, олардың объективтік даму заңдылықтарын зерттейді. Бұл заңдылықтарды қоғамның экономикалық, әлеуметтік объективтік даму заңдарымен араластыруға болмайды. Мысалы, қоғамның саласының сапасы сол қоғамның материалдық тұрмыс жағдайына байланысты – бұл тарихи материализмнің объективтік даму заңы. Қоғамдағы өндірістік қатынастың өндіргіш күштің деңгейіне сәйкес болу заңы экономикалық теорияның пәніне жатады.
Мемлекет және құқықтың зерттеу мәселелері заң ғылымының объективтік даму заңдары, олардың өздеріне тән ерекшіліктері және бұл заңдардың қоғамның объективтік даму заңдарымен байланысы.
2). Заң ғылымының негізгі күрделі зерттеу мәселелері: мемлекет пен құқықтың сапалы дұрыс дамуы, олардың салалық құқықтарымен, құқықтық санамен, құқықтық мәдениетпен арақатынасы т.б.
3). Мемлекет және құқық теорясы жан-жақты дұрыс, сапалы салаларының атқаратын қызметтеріне зор әсер етеді. Жалпы теория заң ғылымының жетекші саласы, әдістемелік жұмыстарды ұйымдастурушы, бағыттаушы күш деуге болады.
4). Мемлекет және құқық, олардың салалары бірлікте және дербестікте дамып зерттеледі. Олардың бірлестігі: өмірге бірге келуі және оның себептері де бірдей; мемлекет пен қуқықтың даму процесі, өзгеруі, жаңаруы да бір-біріне ұқсас; атқаратын қызметтері бірдей – қоғамды реттеп, басқару.
Қорыта айтсақ, құқық және мемлекет теориясының ғылыми зерттеу мәселелері:

    • мемлекет және құқықтың өмірге келу, даму және қоғамды реттеп, басқаруының объективтік даму заңдылықтары;

    • мемлекет және құқықтың мазмұны, түрлері, нысаны, фукциялары, құрылымы, механизмы және құқықтық жүйе;

    • заң ғылымдағы мемлекеттік – құқықтық түсініктер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет