2.Мемлекет және құқық теориясының әдісі, оның мазмұны. Методология – дүниені философиялық тұрғыдан түсіндіретің ілім. Ғылыми методологияның негізі – материализм мен диалектика. Ғылымның методологиясы – оның ғылыми зерттеу әдіс – тәсілдері. Жалпы ғылым дегеніміз екі мәселені қамтиды, екі бағытты біріктіреді – теория және методика. Теория - ғылым нені зерттейді? – деген сұраққа жауап береді. Методика - ғылым қандай тәсілмен, амалмен зерттеу жүргізеді? – деген сұраққа жауап береді. Теория мен методика өмірде тығыз байланыста дамиды. Бұл объективтік байланыс ғылымның мыңдаған саласындағы тәжірибеде дәлелденген.
Қоғамның мазмұнын, объективтік даму процесін ғылыми зерттеуде теория мен методиканың маңызы өте зор. Онсыз ғылымда дұрыс зерттеу, дұрыс ғылыми қортынды жасау мүмкін емес. Методологияның екі түрі болады: жалпы ғылыми әдіс – тәсіл және жекелік ғылыми әдіс – тәсіл. Жалпы ғылыми әдіс – тәсілді – ғылымды зерттеудің методологиялық негізі деп атайды. Қазіргі замандағы ғылыми зерттеулер философияның діни, позитивизм, экзистеционализм, утилитаризм т.б. бағыттарына сүйене отырып жүргізіледі.
Материализм – философияның бір бағыты. Ол материя, табиғат, болмыс алғашқы, ал сана, рух, ой материяның қасиеті болғандықтан туынды деп санайтын, идеализмге түбірінен қарама – қарсы ғылыми философиялық бағыт. Материализм адам санасын, ойын сыртқы дүниенің бейнесі деп қарастырып, дүниені, табиғатты, қоғамды танып білуге болатының дәлелдейді. Материализм ғылыммен практиканың жетістіктеріне сүйене дамиды және білімдердің өсуіне, ғылыми методтардың жетілуіне, адамзат практикасының, қоғам өндіріс күштерінің артуына ықпалын тигізеді.
Диалектика – табиғаттың, қоғамның және адам ойының дамуы мен қозғалысының жалпы заңдары жайындағы ғылым, дүниені танудың әдісі мен теориясы. Диалектика объективті реалдылықтың күрделі заңдылықтарын, қажеттігін қарама – қайшылыққа толы табиғат зерттейді. Диалектиканың негізгі заңдары: қарама – қарсылықтардың бірлігі мен күресі; сан өзгерістерінің сапа өзгерістеріне ауысуы; терістеуді терістеу заңы.
Диалектиканың заңдары табиғаттың, қоғамның объективтік дамуының қайнар көзін, ішкі қозғалысын және бағытын көрсетеді. Диалектикалық категориялар (анализ мен синтез, мазмұн мен форма, құбылыс пен пән, шындық пен мүмкіншілік т.б.) танымның дәйектілігін, заңдылығын бейнелейді.
Материалистік диалектика методологиясының негіздеріне сәйкес мемлекеттік – құқықтық құбылыстар қоғамның өмірімен бірге зерттеулуге тиіс. Сондықтан қоғам, мемлекет, құқық – осылардың арасындағы қатынастарының түрлерін білу қажет. Қоғамның мемлекет – құқықпен үш түрлі байланысы бар: қоғамның базисі мен қондырмасы арқылы, қоғаммен мемлекет – құқықтың байланысы, қоғамның мүдде – мақсатының құқық – мемлекетпен байланысы.
1). Қоғамның экономикалық базисі өзінің қондырмасымен байланыста дамиды. Қондырманың бір саласы құқық пен мемлекет. Қондырма – базис арқылы қоғам, құқық және мемелекетпен тығыз байланыста болады. Қоғамды реттеп, басқаратын құқық пен мемлекет.
2). Құқық пен мемелекет қондырманың бір күрделі саласы, олар қоғамның барлық саласымен үздіксіз байланыста болады және құқық пен мемлекеттің қызметі қоғамдағы адамдардың сана сезімімен де байланыста дамиды. Бұл екі жақта объективтік процесс.
3). Мемлекет пен құқық қоғамның жалпы халықтық және таптық мүдде – мақсаттарын реттеп, басқарып іске асырып отырады. Бұл да екі жақты объективтік процесс.
Сонымен, материалистік және диалектикалық методқа сәйкес мемлекет пен құқық қоғамының экономикалық, саяси, рухани жағдайларымен тығыз байланыста, үздіксіз қозғалыста, дамудағы объективті шындық құбылыстар. Мемлекет пен құқықтың өздерінің даму заңдары болады. Бұл заңдылықтарды ғылыми тұрғыдан зерттеп білуге болады. Мемлекеттік – құқықтық құбылыстарды зерттеудің жалпы методологиялық алдын ала шарттары:
құқық пен мемлекет объективті шындық құбылыстар ретінде ғылыми анализ жасаудың объектісі бола алатыны;
мемлекет пен құқықтың үздіксіз қозғалыста, өзгеруде және тарихи даму процесте болатынын ескеру;
мемлекет пен құқықты зерттеу процесінде қоғамның салаларында сан қырлы болып жататын байланыстарды, қатынастарды ескеру қажет. Кейбір жағдайда сол байланыс қатынастар заң ғылымын дамытудың негізгі бағытына айналуы да мүмкін;
құқықтық – мемлекеттік құбылыстарды зерттеуде міндетті түрде заңды тәжірибелермен, өмірдің талаптарын ескере отырып жүргізген нәтижелі болады. өйткені теорияның дұрыстығы тәжірибе арқылы анықталады. Бұл тұрғыдан зерттеу әділетті болуы қажет.
Жалпы ғылыми зерттеудің әдіс - тәсілдерінің ең күрделісі материалистік диалектика. Ол қазіргі ғылыми танымның теориясы мен әдісі. Танымның мақсаты – зерттеліп отырған заттың, мәселенің терең мәнін, қайшылықтар жүйесін ашу. Таным – объективті шындықтың адам санасындағы белсенді және қайшылықты бейнеленуі. Бұл процесте логканың атқаратын рөлі зор. Логиканың негізгі мақсаты мен зерттеу пәні танымның ақиқаттылығы, танымдық тәсілдер мен әдістердің дұрыс жүйесін қалыптастыру.
Заң ғылымының зерттеу процесінде анализ және синтез тәсілдері де қолданылады.
теориялық және тәжірибелік зерттеу процесінде күрделі объектілерді талдау, құрамды бөліктерді жіктеп ажырату. Синтез – сол талданған бөліктерді жинақтап қосу арқылы белгілі бір объектіні, затты құрастыру. Мысалы: жалпы теорияда мемлекеттік органдарды, оның функцияларын, құқықтық нормаларды, қатынастың субъектілерін жүйе – жүйеге, сала – салаға топтастырып зерттеу, немесеғ оларды біріктіріп зерттеу жүргізу.
Нақтылы ғылымдардың теориялық және методологиялық негіздері тек философиямен ғана емес, олардың өздері арқылы да зерттелуде. Мысалы, мемлекет және құқық теориясы зеттеудің жалпы әдістерімен азаматтық, мемлекеттік, әкімшілік, қылмыстық т.б. құқықтарды жабдықтандырады.
Ал, жалпы құқық және мемлекет теориясы философияға сүйене отырып, заң ғылымының барлық табыстарын пайдаланады. Оның барлық саласында бірдей қатысты методологиялық мәселелерді зертейді. Осы типтес қарым – қатынас басқа ғылымдарда да бар.
Жекелік ғылыми зерттеу әдіс – тәсілдерінің түрлері: жүйелік, функционалдық, статистикалық, социологиялық, үлгілік, салыстыру – теңестіру т.б.
Жүйелік тәсіл – қоғамдағы мемлекеттік – құқықтық құбылыстарды жүйеге, салаға топтастырып зерттеу.
Функционалдық тәсіл – қоғамдағы заңды құбылыстардың әлеуметтік бағытына, маңызына, қызметіне қарай жіктеп зерттеу жүргізу. Бұл әдіс мемлекеттің аппаратын, функциясын, құқықтық құрылымын, жүйесін, құқықтық сананы, жауапкершіліктің түрлерін т.б. құбылыстарды зерттеуде пайдаланады.
Статистикалық әдіс –заңды құбылыстардың санды деректеріне, фактілеріне сүйене отырып зерттеу жүргізу.оның кезеңдері: бақылау, деректерді, фактілерді жинақтау, жиналған материалдарға анализ жасау.
Үлгілік әдіс – болған құбылыстың үлгісін жасап, сол арқылы істің мазмұның, көлемін жобалап барып зерттеу жүргізу.
Социологиялық тәсіл - жүелік, функционалдық, статистикалық, үлгілік тәсілдер арқылы жүргізілген зерттеулердің қорытынды нәтижелерін біріктіріп зерттеуді жалғастыру.
Салыстырмалы теңтестірмелі әдіс – бірнеше мемлекеттерді, құқықтарды салыстырмалы зерттеу және олардың тарихи даму процесстерінде теңестірмелі әдіспен зерттеу жүргізу.
Математикалық әдіс – ЭВМ, компютер, автоматика, телемеханиканы қолданып зерттеулер жүргізу. Осы аталып өткен зерттеулердің әдіс – тәсілдерін барлық қоғамдық ғылымдар пайдаланады. Бұл әдістерді жеке сирек қолданады. Олар көбінесе біріктіріліп, зерттеу барысында бірін – бірі толықтырылып отырады. Мемлекет және құқық теориясының оқулығы студенттерді заң ғылымының күрделі салаларымен, мемлекеттік – құқықтық құрылымымен, функцияларымен т.б. таныстырады. Ол оқулықтың алдында екі міндет түр: біріншісі – заң ғылымының, заң мамандығының негізін қалыптастыру, сол арқылы салалық заң пәндерін жақсы оқып- білуге мүмкіншілік жасау; екіншісі – жоғары заң мектебін бітіріп, жақсы маман болуды қамтамасыз ету.