Юрковская о. А., Фаизова р. И., Терехова т. И., Хисметова а. М., Зготова н. С. Коронавирусты



Pdf көрінісі
бет57/73
Дата07.02.2022
өлшемі1,49 Mb.
#92921
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   73
Байланысты:
koronavirustyq-infekciyadan-tuyndagan-pnevmoniya-kezindegi-reabilitaciyanyn-negizgi-principteri

8. Еңбекке жарамдылық сараптамасы 
 
Жедел пневмониялар кезінде барлық науқастар уақытша еңбекке жарамсыз 
болады. Уақытша еңбекке жарамсыздықтың ұзақтығы бірқатар себептерге 
байланысты: медициналық көмекке жүгіну уақыты, уақтылы диагноз қою және 
ауруханаға жатқызу, науқастың жасы, пневмонияның сипаты мен ауырлық 
дәрежесі, қосымша аурулардың болуы, аурудың себебі және т.б. 
Жедел пневмониямен ауыратын науқастарды еңбек етуге жіберерде сауығу 
мен еңбекке жарамдылықтың жалпы қабылданған өлшемдерін басшылыққа алу 
керек. Жеңіл дәрежелі жедел пневмония кезіндегі еңбекке жарамсыздықтың 
орташа ұзақтығы - 21-25 күн, орташа ауырлықта - 25-30 күн, асқынумен 
жүретін ауыр пневмонияда - 35-65 күн болады. 
Қазіргі уақытта жедел пневмониямен ауырғаннан кейінгі сауығушыларды
екі топқа бөліп қарастырады. Бірінші топқа ауруханада толығымен емделіп, 
жұмысқа клиникалық және рентгенологиялық көріністері, зертханалық, 
биохимиялық көрсеткіштері қалпына келген кезде жіберілген адамдар 
жатқызылады. Бұл топтағы науқастар 6 ай бойы диспансерлік бақылауда 
болып, сол кезең ішінде 3 рет тексерістен өтеді: 1, 3 және 6 айдан кейін. Екінші 
топқа ауруханадан жедел пневмонияның қалдық белгілерімен шыққан, арнайы 
оңалту орталықтары, емханалар мен санаторийлерде оңалтуды қажет ететін 
және одан кейінгі 12 ай бойы диспансерлік бақылауда (1,3,6 және 12 айдан 
кейін) болуы керек науқастар жатады. ДКК (дәрігерлік кеңестік комиссия) 
шешіміне сәйкес еңбек жағдайы қолайсыз оңалушы науқастар түрлі кезеңдерде 
еңбекпен қамтылуы қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет