34
Аурудың арнайы емес алдын алу шаралары келесі ұсыныстарды
орындаудан тұрады:
ағзадағы созылмалы инфекция ошақтарын үнемі емдеп отыру;
иммундық қорғанысты нығайту, шынығу;
үнемі тыныс алулық және физикалық жаттығулар жасау;
ағзаны суық тиюден сақтау;
зиянды өндірістерде жұмыс істеу кезінде жеке қорғаныс құралдарын
пайдалану;
жаман әдеттерден бас тарту;
бөлмені үнемі желдетіп отыру, таза ұстау;
негізгі гигиена ережелерін сақтау;
пневмонияның дамуына себеп болатын аллергендермен қатынасқа
түспеу;
тұмау эпидемиясы кезінде адамдар көп жиналатын жерлерге бармау, егер
ондай жерге бару керек болса жеке қорғаныс құралдарын қолдану;
тұмау және басқа жедел респираторлық инфекциялармен ауырса
уақтылы, дұрыс емделу, асқынулар дамуын болдырмау;
қауіпсіздік шараларын сақтау, тыныс алу жолдарының күйіп қалуын
болдырмау, кеуде жарақаттарының алдын алу.
Достарыңызбен бөлісу: