3-сурет. Жүйке-ет препаратын дайындау кезеңдері
Жұмыстың барысы: бақаның басын кесу арқылы жұлы- нын бұзады да омыртқа жотасын қайшымен екіге бөледі. Артқы аяқ бөлігін препарат жасауға пайдаланады. Омыртқа ұшынан салфеткамен ұстап теріні шұлық тәрізді сыпырып алады да, құйымшақ сүйек бойындағы сызықпен қайшы арқылы оны өзара ажыратады (3-сурет, 2,3).
Бір аяқты рингер ерітіндісіне салып қояды да, екіншісін препарат дайындауға пайдаланады (3-сурет, 5). Енді балтыр етті ахиллов сіңіріне дейін босатады да, сіңірді көлденең кесіп, одан әрі жүйкені босатуға кіріседі. Санның ішкі жағын жоғарыға қа- ратып, сан етін саусақпен екі жаққа ашқан кезде жүйке көрініп жатады. Жүйкені қатты қысуға, созуға және темір затпен ұс- тауға болмайды. Жүйкені тізеге дейін шыны ілгектің көмегімен босатып, тізенің төменгі және жоғарғы жағынан көлденең кесу арқылы балтыр ет пен жүйкеден тұратын препарат алады (3-су- рет, 6,7,8).
жұмыс.Тірі ұлпалардағы биоэлектрлік құбылыстар
Жануар денесіндегі электр тогы туралы ұғым XIX ғасыр- дың екінші жартысынан белгілі. Кейбір балықтардың (электр скаты, электр угорь, т.б.) өз жемдерін электр тогымен жан- сыздандыратыны сол кездің өзінде-ақ белгілі болатын. Сол дәуірдегі көрнекті оқымыстылардың бірі Дж. Пристли жүйке бойымен таралатын импульсті «электр сұйығы» деп ойлаған. Ал Л. Бертолон түрлі аурулардың пайда болуын денедегі осы сұйықтың аз немесе көптігімен байланыстырған.
Жануарлар денесінде болатын электр тогы туралы алғашқы ұғымды қалыптастыруға әрекет жасағандардың бірі Л. Гальвани болып есептеледі. Л. Гальвани өз тәжірибелерінде бақадан дай- ындалған препараттарды пайдаланды. Мыстан жасалған ілгекке қыстырылған препаратты темір периласы бар балконға бекітіп қойған. Жел шайқаған кезде бақаның аяғы темір перилаға тиген сайын аяқ еттері жиырылып, темірден тебіліп отырған. Мұны ол жұлында болатын токпен байланыстырған. 1792 жылы бұл тәжі- рибені А. Вольта қайталады. Аяқтың темір перилаға тиген кезде жиырылуын ол екі түрлі металл айырмашылығы пайда болуы- нан деп түсіндірді.