З. А. Аска- рова, Г. Т. Сраилова, С. С. Маркеева



бет7/116
Дата20.10.2022
өлшемі6,74 Mb.
#154173
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   116
Байланысты:
Адам және жануарлар физиологиясы бойынша зертханалық сабақтарға жетекші құрал оқу құралы by Аскарова З.А. (z-lib.org)

Маттеучи тәжірибесі. Бұлшық ет-жүйке препаратын электр тогымен тітіркендіру
Екінші реттік тетанус. Екі препарат дайындап бірінші пре- параттың жүйкесін екінші препараттағы бұлшық еттің ұзына бойына шыны ілмекпен орналастырады. Екінші препараттың жүйкесін электр тогымен тітіркендірсе, бірінші препараттың жиырылуын байқауға болады (6-сурет).
6-сурет. Маттеучи тәжірибесі: 1 – жүйке-бұлшық ет препараты; 2 – ұстатқыштар; 3 – қоздырушы электродтар


Келликер мен Мюллердің тәжірибесі
Жүйке-бұлшық ет препараттың жүйкесін бақа жүрегін әсер ету тогымен тітіркендіру.
Жүйке-бұлшық ет препараттың жүйкесін тітіркендіру үшін жүрек бұлшық етінің жиырылуы кезінде онда жеткілікті үлкен әсер ету тогы пайда болады.
Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: препараттық құ- рал-жабдықтардың жиынтығы, стимулятор, электродтар, са- ғаттық шыны, шыны ілмегі, салфеткалар, лигатура, Рингер ерітіндісі,бақа.
Жұмыстың барысы: бақаны жансыздандырады. Кеуде қуысын ашады, жүрегін аршиды, перикардты алып тастайды. Лигатураны аорта доғаларына келтіреді және оларды байлай- ды. Лигатураны жүрек үзенінің астынан өткізіп жүректі екі
лигатурасынан көтеріп, ажыратып алады да Рингер ерітіндісі- не сағаттық шыныға орналастырады. Жүйке-бұлшық ет пре- паратын дайындап оның жүйкесін шыны ілгекпен жиырылып тұрған жүрекке алып салады да бақаның бұлшық ет жиыры- луын байқайды.
Жұмысты қорытындылау: жұмыстың барысын дәптерге жазу. Тәжірибе сызбанұсқасын салып бақаның бұлшық еттері- нің жиырылу себептерін түсіндіру.


3-жұмыс. Жүйке мен бұлшық ет тітіркенуін салыстыру (тура және жанама тітіркендіру)


Тәжірибе жағдайында еттің жиырылуын еттің өзін тікелей тітіркендіру (тура тітіркендіру) немесе осы еттің функциясын реттейтін жүйкені тітіркендіру арқылы (жанама тітіркендіру) ба- қылауға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет