Маттеучитәжірибесі.Бұлшықет-жүйкепрепаратынэлектртогыментітіркендіру Екінші реттік тетанус. Екі препарат дайындап бірінші пре- параттың жүйкесін екінші препараттағы бұлшық еттің ұзына бойына шыны ілмекпен орналастырады. Екінші препараттың жүйкесін электр тогымен тітіркендірсе, бірінші препараттың жиырылуын байқауға болады (6-сурет).
6-сурет. Маттеучи тәжірибесі: 1 – жүйке-бұлшық ет препараты; 2 – ұстатқыштар; 3 – қоздырушы электродтар
КелликерменМюллердіңтәжірибесі Жүйке-бұлшық ет препараттың жүйкесін бақа жүрегін әсер ету тогымен тітіркендіру.
Жүйке-бұлшық ет препараттың жүйкесін тітіркендіру үшін жүрек бұлшық етінің жиырылуы кезінде онда жеткілікті үлкен әсер ету тогы пайда болады.
Жұмысқақажеттіқұрал-жабдықтар: препараттық құ- рал-жабдықтардың жиынтығы, стимулятор, электродтар, са- ғаттық шыны, шыны ілмегі, салфеткалар, лигатура, Рингер ерітіндісі,бақа.
Жұмыстыңбарысы: бақаны жансыздандырады. Кеуде қуысын ашады, жүрегін аршиды, перикардты алып тастайды. Лигатураны аорта доғаларына келтіреді және оларды байлай- ды. Лигатураны жүрек үзенінің астынан өткізіп жүректі екі
лигатурасынан көтеріп, ажыратып алады да Рингер ерітіндісі- не сағаттық шыныға орналастырады. Жүйке-бұлшық ет пре- паратын дайындап оның жүйкесін шыны ілгекпен жиырылып тұрған жүрекке алып салады да бақаның бұлшық ет жиыры- луын байқайды.
Жұмысты қорытындылау:жұмыстың барысын дәптерге жазу. Тәжірибе сызбанұсқасын салып бақаның бұлшық еттері- нің жиырылу себептерін түсіндіру.
3-жұмыс. Жүйке мен бұлшық ет тітіркенуін салыстыру (тура және жанама тітіркендіру)
Тәжірибе жағдайында еттің жиырылуын еттің өзін тікелей тітіркендіру (тура тітіркендіру) немесе осы еттің функциясын реттейтін жүйкені тітіркендіру арқылы (жанама тітіркендіру) ба- қылауға болады.