З. А. Аска- рова, Г. Т. Сраилова, С. С. Маркеева



бет15/116
Дата20.10.2022
өлшемі6,74 Mb.
#154173
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   116
Байланысты:
Адам және жануарлар физиологиясы бойынша зертханалық сабақтарға жетекші құрал оқу құралы by Аскарова З.А. (z-lib.org)

12-сурет. Синапстың жалпы көрінісі

Xимиялық синапстарға тән болатын бірнеше функционалды ерекшеліктер бар:



  1. Олар арқылы қозу кешігіп өтеді (синапстық кешігу), мы- салы, жылықандыларда 0,2-0,5 мс. Ал электрлік синапстарда мұндай кешігу болмайды.

  2. Химиялық синапс арқылы қозу тек бір бағытта өтеді, өйт- кені тиісті сигналды жеткізуге тиісті медиатор пресинапстық звенода ғана орналасады. Электрлік синапстарда қозу көбінесе екі бағытта да өте алады.

  3. Химиялық синапстардағы медиаторлар өздерінің табиғаты- на, қызметіне қарай постсинапстық мембранада қозу да, тежелу де тудыра алады. Электрлік синапстар арқылы тек қозу ғана өте ала- ды, өйткені пресинапстардан жүйке импульстері постсинапстық звеноға ылғи да деполяризация толқыны түрінде жетеді.

Әрбір жүйке клеткаларында көптеген тежеуші және қозды- рушы синапстар болады. Бұл жүйке әрекеттерінің бір-бірімен байланысты қызмет атқаруын қамтамасыз етеді.
Орталық жүйке жүйесіндегі тежеуші нейрондардың аксон- дарының ұштарында тежеуші медиатор болады да, ол қабылдау- шы нейронға тежеп әсер етеді. Ми сыңарларының қыртысында- ғы нейрондарда гамма-амин май қышқылы (ГАМҚ) тежеуші ме- диатор рөлін атқарады.
Жүйке талшығы арқылы келген қозу синапстық көбіктегі медиатордың пресинапстық мембранасынан өтіп, синапс қуысы- на құйылуына түрткі болады. Ол медиатор синапс қуысындағы клеткааралық сұйықта диффузды түрде тарап, постсинапстық мембрананы тітіркендіреді. Постсинапстық мембранада ме- диатордың әсері қайтадан қозуға айналады.


      1. жұмыс. Фармакологиялық заттардың (миорелаксант- тар) синапста пайда болатын қозуды өткізуге әсері




Жұмыстың мақсаты: миорелаксанттардың синапста пайда болатын қозуды өткізудегі спецификалық әсерлеріне көз жеткізу.
Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: хирургиялық сай- мандар, бекіткіш, миограф, кимограф, электр тітіркендіргіш, 1- 2% миорелаксант ерітіндісі (дистилин, листенон, т.б.), қағаз, сия, эфир. Жұмыс бақамен орындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет