Жұмыстың барысы: бұлшық ет-жүйке препаратын дайын- дау және оны миографқа бекіту. Препаратты тітіркендіре алатын орташа ток күшін (субмаксимальді) таңдап алу. Кимограф бара- банына бұлшық еттің жекелеген жиырылу биіктігін жазу (тітір- кендіру жиілігі секундына бір рет).
Тітіркендіру жиілігін одан әрі арттыра отырып (секундына 2 рет), әрбір кезекті индукциялық соққыны еттің босаңсу кезе- ңіне тура келетіндей етіп әсер етсе, толық емес тісті тетанус алынады.
Енді әрбір индукциялық импульс еттің жиырылу кезеңіне түсетіндей етіп тітіркендірілсе, тегіс тетанус деп алатын түзу сызық алынады (10-сурет).
сурет. Тетанус түрлері: 1 – оптимум; 2 – пессимум; 3 – тісті тетанус; 4 – же- ке бұлшық еттің жиырылуы
Жұмысты қорытындылау: жұмыстың мазмұнын жазу. Алынған кимограмманы дәптерге жабыстырып, белгілеу. Жеке- леген жиырылудың, тісті және тегіс тетанустардың пайда болу себептерін дәлелдеу.
6-жұмыс. Бұлшық еттердің созылғыштық қасиеттері
Еттерге жүк әсер еткен кезде олар созылады, жүк салмағы- ның көбеюімен ет жіпшелерінің созылу және кернеу деңгейлері арта береді. Жүкті алып тастағаннан кейін ет бастапқы қалпына қайтып оралады. Еттердің мұндай қасиеттерін созылғыштық деп атайды. Ет талшықтары миофибрилладағы изотропты дискілер- дің үлкеюі есебінен ұзарады. Бұл етке серпімділік қасиет бере- ді. Еттердің бастапқы формаларын сақтай алу қасиетін серпімді- лік деп атайды.
Жұмыстың мақсаты: еттерге әртүрлі салмақпен әсер ету арқылы олардың серпімділік дәрежесін анықтау және түсіндіру.
Жұмысқа кажетті құрал-жабдықтар: бұлшық ет-жүйке препараты, кимограф, миограф, гирлер, рингер ерітіндісі, хирур- гиялық аспаптар жиынтығы.
Жұмыстың барысы: 1. Тыныштық жағдайындағы бұлшық ет созылғыштығын анықтау. Тыныштық жағдайындағы еттердің созылғыштық қасиетін анықтау үшін олардың екі түрлі серпімді- лік-созылғыштығын (тәжірибе етті тітіркендірусіз жүргізіледі) тоқ- таусыз айналып тұрған барабанда және жүкті қыстырған кезде немесе алғанда барабанды тоқтатып отыру арқылы жазу керек.
Еттің созылу қисығын әртүрлі салмақты жүктермен әсер ету арқылы жазу. Ол үшін жүйкесі жоқ балтыр еттен ғана тұра- тын препаратты миографқа бекітіп, сыртқы тітіркендіргіштердің әсерінсіз оның түзу сызығын кимограф барабанына жазу. Бұдан кейін жазу аспабының иініне 5 грамм жүк қыстырып, еттің со- зылу қисығын тағы жазады да, жүкті алып тастап, созылу қисы- ғының бастапқы қалпына келуін байқайды. Одан әрі жүк салма- ғын біртіндеп арттыра отырып (5, 10, 15, 20 грамм) жоғарыдағы әдісті қайталайды (11-сурет).
2. Бұлшық ет созылу қисықтығын салмақтың үздіксіз көбею барысында жазу. Препаратты бірінші жұмыстағыдай етіп миог- рафқа қыстырады да, салмақтың әсерінсіз еттің созылу қисығын сызады. Енді жүк салмағын біртіндеп көбейте береді. Ол үшін бастапқы жүктерді алмай оның үстіне қосымша жүк қыстырады. Қосымша жүк қыстырғанда немесе оларды қайта алған кезде ба- рабанды тоқтатып отыру керек. Әрбір қисық сызық бастапқы
қалпына қайтып оралғанда ғана барабанды іске қосады. Қосым- ша жүк қыстыруды көп рет қайталай отырып, еттің созылу қа- сиетін көрсететін «төмен бағытталған көп сатылы басқыштар- ды», ал жүктерді біртіндеп алу арқылы «жоғары бағытталған көп сатылы басқыштарды» алады. Ең соңғы жүкті алған кезде созылу қисығы бастапқы қалпына келеді.
сурет. Ет серпімділігін дәлелдейтін сызба: жоғарғы қисық – барабан тоқ- таусыз айналуы; төменгі қисық – баспалдақ.
Түсініктеме мәтінде келтірілген
Қозу кезіндегі бұлшық ет серпімділігін анықтау. Дайындалған бұлшық ет-жүйке препаратын миографқа бе-
кітіп, калыпты ет жұмысын (түзу сызық) айналып тұрған бара- банға жазу. Енді оған 30 г жүк қыстырып, еттің созылу ұзынды- ғын анықтау.
Жүкті алып, етті дереу бірнеше секунд электр тітіркен- діргішпен тітіркендіреді. Тітіркендіру аяқталысымен еттің бо- саңсу кезеңі бастапқы қалпына оралады. Енді тездетіп, шай- қалтпай бастапқы жүкті қайта орнына қыстырады. Нәтижесін- де еттің созылу қисықтығы бастапқы кезге қарағанда біршама ұзарған болып келеді. Бұл қозу жағдайындағы еттердің жеңіл созылатындығын көрсетеді.
Өлген еттердің серпімділігін анықтау.
Препаратты миографтан алып, жүйкесін кесіп тастайды. Жүйкесіз етті 45-50о С суға ұстайды да миографқа бекітіп, бірін- ші тәжірибедегі жұмысты қайталай отырып, нәтижесін бақылау. Жұмысты қорытындылау: жұмыстың қысқаша мазмұнын жазу. Еттердің созылғыштық қасиеті неге байланысты екендігін дәлелдеу. Қозу кезіндегі еттердің созылу ерекшеліктерінің себе- бін түсіндіру. Тірі және өлген еттердің серпімділік қасиеттерін-
дегі айырмашылықтарды түсіндіру.
Достарыңызбен бөлісу: |