З. А. Аска- рова, Г. Т. Сраилова, С. С. Маркеева



бет19/116
Дата20.10.2022
өлшемі6,74 Mb.
#154173
түріСабақ
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   116
Байланысты:
Адам және жануарлар физиологиясы бойынша зертханалық сабақтарға жетекші құрал оқу құралы by Аскарова З.А. (z-lib.org)

12-жұмыс. Жүйке парабиозы және оның кезеңдері

Егер жүйкеге өте күшті есірткі заттармен әсер етсе (новака- ин, эфир, хлороформ, спирт, фенол, 0,8% КС1 ерітіндісі), онда оның негізгі қасиеті – өткізгіштік пен қозғыштық өзгереді және парабиоз деп аталатын ерекше күй (состояние) пайда болады. Парабиоз деген терминді 1901 ж. Н.Е. Введенский енгізген. Па- рабиоздық жағдай шегіне жеткен кезде жүйке өзінің физиоло- гиялық қасиетін толық жоғалтады.


Жұмыстың мақсаты: жүйкенің шағын аумағына есірткі заттармен әсер ету арқылы парабиоздың үш кезеңінің дамуын бақылау.
Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: кимограф, миограф, хирургиялық аспаптар жиынтығы, электр тітіркендіргіші, мақта, рингер ерітіндісі, 0.8% хлорлы калий ерітіндісі немесе новакаин, кокаин және басқа да есірткі заттар.
Жұмыстың барысы: алдын ала дайындалған бақаның бал- тырет-жүйке препаратын миографқа бекітіп, бұлшық еттің жиырылу амплитудасының биіктігі ток күшіне тікелей тәуелді екеніне көз жеткізу. Ол үшін препаратты ең аз, орташа және ең көп электр тогымен ырғақты тітіркендіру арқылы еттің жиыры- лу қисық сызығын барабанға жазады. Енді жүйкеге новакаинға батырылған, жіңішкелеп ширатылған мақта қояды. Бұдан кейін жүйкеде пайда болған қозу тек осы жер арқылы өтетін болады (бұл нүкте альтерация нүкте деп аталады).
Парабиоз басталғаннан кейін кимографта оның төмендегі- дей кезеңдерін жазу:

  1. Теңгермелік кезеңде әртүрлі мөлшердегі ток күші бұл- шық етте бірдей биіктіктегі тетанус жиырылуын туғызады.

  2. Парадоксальды кезеңде теңгермелік кезеңнен кейін бір- неше минут өткен соң пайда болады да мынадай көрініспен си- патталады: көп мөлшердегі ток күші еттің жиырылу амплитуда- сын төмендетеді де, аз мөлшердегі ток күші, керісінше, оның жиырылу амплитудасын биіктетеді.

  3. Тежеуші кезең. Бұл кезеңде пайда болған импульстер альтерация нүктеден өте алмайтын болғандықтан бұлшық ет тітіркендірулерге жауап бермейді.

Парабиоз – қайтымды үдеріс. Ол үшін мақтаны алып тас- тап, жүйкені рингер ерітіндісімен бірнеше қайтара жуса, бұл- шық ет жиырылуының ток күшіне тәуелділігі қалпына ке- леді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет