З. А. Аска- рова, Г. Т. Сраилова, С. С. Маркеева



бет13/116
Дата20.10.2022
өлшемі6,74 Mb.
#154173
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   116
Байланысты:
Адам және жануарлар физиологиясы бойынша зертханалық сабақтарға жетекші құрал оқу құралы by Аскарова З.А. (z-lib.org)
Комп.мод. тест, Комп.мод. тест, Контент Констурк, Контент Констурк, stud.kz-9761, Экология Оқулық Алматы Адам және оны қоршап тұрған орта, Физикалық химия Оқулық Алматы Физикалық химия, Сізді сергітетін кеңестер, Омаров-начало, Диссертация Бергенбек Қазына, Диссертация Бергенбек Қазына, Дюсенбаева Т, 1-курс.Расп бак 2019-2020 2-сем., тест Квуант, тест Квуант
Жұмысты қорытындылау: жұмыстың мазмұнын көшіріп жазу. Алынған кимограмманы дәптерге жапсыру және белгілеу. Контрактураның пайда болу себебін түсіндіру.
      1. жұмыс. Қажудың жүйке-бұлшық ет препаратында дамуы


Клеткаларда, мүшелер мен тұтас ағзада белгілі бір жұмыс атқару барысында олардың жұмыс қабілетінің уақытша төмен- деуі мен дем алғаннан кейін бастапқы қалпына қайтып оралу қа- білетін шаршау деп атайды.


Денеден бөлініп алынған еттерді ұзақ уақыт тітіркендіру нәтижесінде пайда болатын шаршау екі себептен тууы мүмкін:

  1. Тітіркендіру барысында еттерде фосфор, сүт қышқылдары сияқты зат алмасу өнімдері көптеп жинақталады. Бұл заттар ет тал- шықтарының жұмысын әлсіретеді. Түзілген заттардың біразы және К+ иондары талшықтан сыртқы ортаға (клетка айналасындағы ке- ңістік) өтеді де клетка мембранасының негізгі қасиеттерін бұзады.

  2. Ұзақ уақыт тітіркендіру барысында ондағы энергетика- лық қордың көзі азаяды.

Жұмыстың мақсаты: ет пен жүйкеде шаршаудың басталу уақытын анықтап, оның себептерін түсіндіру.
Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: хирургиялық аспап- тар жиынтығы, миограф, кимограф, рингер ерітіндісі, пипетка, электр тітіркендіргіш, қағаз, сия. Жұмыс бақамен орындалады.
Жұмыстың барысы: балтыр ет-жүйке препаратын дайын- дап, миографқа бекіту. Препаратты жиырылта алатын ең аз мөлшердегі ток күшін тауып, бұлшық етте шаршау пайда бол- ғанша жүйкені тітіркендіре отырып (жанама тітіркендіру), жиырылу қисығын миографқа жазу. Шаршау үдерісі пайда болған кезде миограф барабанында түзу сызық пайда болады. Препаратты рингер ерітіндісімен бірнеше қайтара жуып, бұл- шық еттің бастапқы жұмысын қалпына келтіреді. Енді бұлшық етті тітіркендіру (тура тітіркендіру) арқылы шаршау үдерісінің пайда болу қисығын жазу. Екі жағдайдың басталу уақытын анықтап, өзара салыстыру.
Жұмысты қорытындылау: жұмыстың барысын дәптерге көшіріп жазу. Алынған кимограмманы дәптерге жабыстырып, белгілеу. Шаршау үдерісі қай жағдайда бұрын пайда болады жә- не оның себептерін түсіндіру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет