З. А. Аска- рова, Г. Т. Сраилова, С. С. Маркеева



бет14/116
Дата20.10.2022
өлшемі6,74 Mb.
#154173
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   116
Байланысты:
Адам және жануарлар физиологиясы бойынша зертханалық сабақтарға жетекші құрал оқу құралы by Аскарова З.А. (z-lib.org)
Комп.мод. тест, Комп.мод. тест, Контент Констурк, Контент Констурк, stud.kz-9761, Экология Оқулық Алматы Адам және оны қоршап тұрған орта, Физикалық химия Оқулық Алматы Физикалық химия, Сізді сергітетін кеңестер, Омаров-начало, Диссертация Бергенбек Қазына, Диссертация Бергенбек Қазына, Дюсенбаева Т, 1-курс.Расп бак 2019-2020 2-сем., тест Квуант, тест Квуант

СИНАПСТАР ФИЗИОЛОГИЯСЫ


Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Жүйке ұштарының морфологиялық классификациясы.

  2. Рецепторлардың түрлері, құрылысы және қасиеттері.

  3. Эффекторлардың түрлері, құрылысы және қасиеттері.

  4. Синапстың ультрақұрылымы мен физиологиялық қасиеттері.

  5. Қозудың (тежелудің) синапс арқылы таралуының кезеңдері мен механизмі.

  6. Ацетилхолин (АХ) мен норадреналиннің (НА) синтез және инактивациясының жолдары.

Синапс – жүйкелік импульстерді жүйке талшығынан эф- фекторлы клеткаларға (ет талшықтары, нейрон немесе секретор- лық клеткалар) өткізетін арнаулы құрылым (12-сурет). «Синапс» ұғымын ғылымға 1897 жылы ағылшын физиологы Ч. Шерринг- тон енгізді. Синапс құрылымы негізгі үш бөлімнен тұрады: пре- синапстық жүйке ұшынан, жүйке ұшы мен эффекторлы клетка аралығындағы синапстық саңылау және постсинапстық мембра- надан тұрады. Пресинапстық және постсинапстық мембраналар- дың арасында синапс саңылау клетка аралық сұйыққа толы ке- ңістік (12-сурет). Постсинапстық мембранасында биологиялық активті заттарды (медиаторлар, гормондар), емдік және улы зат- тарды сезе алатын хеморецепторлар бар. Постсинапстық мемб- рананың маңызды ерекшелігі осы жерде орналасқан рецептор- лар сәйкес медиатордың түрлерімен ғана биохимиялық әрекет- тесуге қабілеттілігі.


Аксон талшықтарының клетка денесінде түзетін синапста- рын клетканың бөлімімен байланысуына қарай аксо-соматика- лық, аксо-дендриттік, аксо-аксональдық, одан басқа әртүрлі ней- рондар дендриттерінің арасында дендро-дендриттік, нейрон де- нелерін бір-бірімен байланыстыратын сомато-соматикалық және клетка денесі мен дендриттер арасында сомато-дендриттік сина- пстар да болады.
Синапстар арқылы қозу өтудің екі механизмі болады: электрлік және химиялық. Ең көп тарағаны химиялық синапс- тар, содан соң электрлік синапстар, ең азы аралас синапстар.
Электрлік синапстардағы саңылау диаметрі 2-4 нм-ден аспай- ды. Онымен қоса бұл саңылауларда диаметрі 1-2 нм-дей болатын
белокты молекуладан тұратын пресинапстық мембрана мен субси- напстық мембранаға бойлай еніп, оларды өзара байланыстыратын көпіршелер – каналдар болады. Каналдар біраз бейорганикалық иондардың, кейбір майда молекулалардың бір клеткадан екіншіле- ріне өтуіне көмектеседі. Осындай синапстарда электрлік кедергі өте аз болады да, пресинапстық ток күші әлсіреместен постсинапс- тық клеткаға өтеді. Электрлік механизмді синапстар қарапайым жүйке жүйесі бар жануарларда басым болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет