З. А. Аска- рова, Г. Т. Сраилова, С. С. Маркеева



бет62/116
Дата20.10.2022
өлшемі6,74 Mb.
#154173
түріСабақ
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   116
Байланысты:
Адам және жануарлар физиологиясы бойынша зертханалық сабақтарға жетекші құрал оқу құралы by Аскарова З.А. (z-lib.org)

ЖҮРЕК ЗАҢЫ


Филогенез барысында жүрек етінде жиырылу күшін жүрек- ке қайтып оралған қан мөлшерінің көбеюіне, артериялардағы қысым деңгейінің жоғарылауына байланысты арттыратын қабі- лет қалыптасқан. Бұл – орта жағдайына бейімделудің бір түрі, себебі аталған жайттар дене жұмысы кезінде және түрлі эмо- циялар жағдайында туындайды.


Тыныштық жағдайларындағы ағзаның жүрегі босаңсып (диастола) жиырылар алдында жүрек еті талшықтарының белгі- лі бір ұзындық шамасы (бастапқы ұзындық) болады. Жүрекке қан оралымы көбейсе немесе артериялардағы қысымның жоға- рылауына байланысты онда қан іркілсе, жүрек қуысы керіліп, жүрек еті талшықтарының бастапқы ұзындығы үлкейеді. Қан оралымы неғұрлым көп, ал артериялардағы қысым неғұрлым жоғары болса, соғұрлым ет талшықтарының керілу деңгейі арта түседі. Неміс ғалымы Отто Франк пен ағылшын ғалымы Эрнест Старлинг алғаш рет жүрек еті неғұрлым көбірек созылса, оның соғұрлым күштірек жиырылатынын дәлелдеді. Жүрек етінің бұл ерекшелігін «жүрек заңы» деп атады. Демек, жүрекке қан неғұр- лым көп оралса, ол соғұрлым қанды көп айдайды. Осыған бай- ланысты жүректен қуылатын қан мөлшері венамен оралатын қанның мөлшеріне қарай өзгеріп отырады да, оң және сол қа- рыншалардан қуылатын қанның жалпы көлемі бірдей деңгейде сақталады.



  1. жұмыс. Пальпация

Пальпация – қолмен басып қарау, саусақпен сезу. Сол жақ кеуденің бетжағын сипап жүрек түрткісінің орнын табу әдісі. Систола кезінде қарыншалардың еті қатайып, жүректің көлде- нең мөлшері ұлғаяды, ұшы көтеріліп кеудеге соғылады. Жүрек- тің ұшы қабырғалар аралығына тисе, ол жердің лүпілдеп тұрға-


ны жай көзбен байқалады. Дәрігерге жүрек түрткісінің орнын және соғу күшін сипап білу қажет. Сау адамның жүрек түрткісі сол жақта бесінші қабырға аралығында бұғананың орталық сы- зығынан оңға қарай 1 см-лік болады. Жүрек түрткісінің соғу кү- ші жүректің жиырылу әлін, оның орны жүректің сол жақтағы шетін көрсетеді.
Сұраққа жауап беріңіздер. Пальпацияның клиникадағы ма- ңызы қандай?





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет