З. А. Аска- рова, Г. Т. Сраилова, С. С. Маркеева



бет70/116
Дата20.10.2022
өлшемі6,74 Mb.
#154173
түріСабақ
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   116
Байланысты:
Адам және жануарлар физиологиясы бойынша зертханалық сабақтарға жетекші құрал оқу құралы by Аскарова З.А. (z-lib.org)

Жұмысты қорытындылау: экстрасистола мен компенса- торлық үзіліс көрсететін кардиограмманың суретін салу. Осы кардиограмманы талдаңыздар.
Сұрақтарға жауап беріңіздер.
Жүректің циклінде жүрек қозғыштығы қалай өзгереді? Экстрасистола дегеніміз не?
Компенсаторлық үзілістің пайда болу себебін түсіндіріңіздер.


Жүректің өткізгіш жүйесі.


Жүрек етінің автоматизмінің табиғаты

Жүрек автоматиясының пайда болуы жөнінде екі түрлі, яғ- ни миогендік және нейрогендік теория бар. Миогендік теория бойынша қозу жүректің ауытқыған (атипті) ет ұлпаларында пай- да болады, яғни жүректің автоматиялық қасиеті оның ет ұлпала- рының қозуына байланысты. Нейрогендік теория бойынша ол жүрек етіндегі өте қозғыш нейрондардың әрекетінен туады. Бұл


теорияны қолдаушылар жүйке жүйесінің қозғыштық қасиетіне сүйенеді. Бірақ терең морфологиялық зерттеулер атипті ет эле- менттері мен жүйке түйіндері тығыз байланыста болатынын көрсетті, сондықтан қазіргі кезде автоматизм қасиетін жүректің жүйкелі-етті өткізгіш жүйесінің үйлесімді әрекеті қамтамасыз етеді деп есептейді. Жүрек автоматизмі Кис-Фляк түйініндегі зат алмасудың ырғақты өзгерістеріне байланысты.


41-сурет. Жүректің өткізгіш жүйесі: 1 – синус-жүрекше түйін; 2 – жүрекше-қарынша түйін; 3 – түйінаралық байланыстар;
4 – жүрекшеаралық шоғы; 5 – жүрекше-қарынша байланыс; 6 – Гис шоғы; 7 – сол жақ Гис сабағы; 8 – сол жақ
Гис сабақтың тармағы; 9 – оң жақ Гис сабағы

Жүректегі қозуды туындатып, оның жүрекшелер мен қа- рыншаларға таралуын, осының нәтижесінде олардың үйлесімді әрекеттерін қамтамасыз ететін бейқалып элементтердің (түйін- дердің, шоғырлардың, талшықтардың) жиынтығы жүректің өт- кізгіш жүйесі деп аталады (41-сурет). Миокардта ет талшықта- рының екі түрі болады: жүрек етінің негізін құрайтын миоцит- тер – жүректің өзіне ғана тән арнайы ұлпа және жүректің өткіз- гіш жүйесін құрайтын миоциттер – арнайы емес белсенді ұлпа. Жүректің өткізгіш жүйесі екі түйіннен тұрады. Солардың бірі –


оң жүрекшенің қабырғасында, жоғары қуыс венасы мен оң құ- лақша аралығында орналасқан синоатриалдық Кис-Фляк түйіні, екіншісі – оң жүрекше мен оң қарынша аралығында, жүрек- шеаралық пердеге жақын орналасқан атриовентрикулярлық Ашофф-Тавар түйіні. Осы екі түйінді бір-бірімен және синоат- риалдық түйінді сол жүрекшемен жалғастыратын жіпшелер – Бахман талшықтары.
Атриовентрикулярлық түйіннің төменгі жағында орналасқан қарыншааралық пердеге қарай жақындаған жерде Гис шоғыры бас- талады. Гис шоғыры қарыншааралық перденің жоғары жағында орналасады. Одан екі – оң және сол аяқшалар шығады. Бұл аяқша- лар қарыншааралық перденің ішкі бетін көмкерген эндокардтың астымен төмен қарай түседі де, жүрек ұшындағы қалың етке жете- ді. Одан әрі иіліп қарыншалардың сыртқы қабырғасының ішкі беті- мен бойлап жоғары қарай көтеріледі, жолшыбай осы арадағы ет- терге, оның ішінде емізікше еттерге бұтақ тәрізденіп жайылады да, жеке Пуркинье талшықтарына айналады: Пуркинье талшықтары жүректің негізгі миоциттеріне жақындап, онымен өзара түйіседі. Сонымен, жүректің өткізгіш жүйесі синоатриалдық түйіннен бас- талып жеке Пуркинье талшықтарымен бітеді.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет