З. А. Аска- рова, Г. Т. Сраилова, С. С. Маркеева



бет72/116
Дата20.10.2022
өлшемі6,74 Mb.
#154173
түріСабақ
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   116
Байланысты:
Адам және жануарлар физиологиясы бойынша зертханалық сабақтарға жетекші құрал оқу құралы by Аскарова З.А. (z-lib.org)
Комп.мод. тест, Комп.мод. тест, Контент Констурк, Контент Констурк, stud.kz-9761, Экология Оқулық Алматы Адам және оны қоршап тұрған орта, Физикалық химия Оқулық Алматы Физикалық химия, Сізді сергітетін кеңестер, Омаров-начало, Диссертация Бергенбек Қазына, Диссертация Бергенбек Қазына, Дюсенбаева Т, 1-курс.Расп бак 2019-2020 2-сем., тест Квуант, тест Квуант
Жұмыстың мақсаты: бақаның жүрегін басқа жануар- лар жүрегімен салыстыру арқылы оның құрылысының ерек- шелігін байқау. Жүрек жұмысын графикалық тіркеу және оған лигатура қою тәсілдерімен танысу. Жүрек қызметінің әртүрлі фазалары кезінде оның қарыншасының қозғышты- ғын зерттеу.
Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: бақа союға арнал- ған тақтайша, хирургиялық құрал-саймандар жиынтығы, шта- тив, кимограф, миограф, секундомер, Рингер ерітіндісі, лига- тура, пипетка, сия, электр тітіркендіргіш. Жұмыс бақамен жүргізіледі.



  1. сурет. Станниус лигатурасының көмегімен жүректің түрлі бөлімдерінің автоматтық жиырылу деңгейін зерттеу: 1 – бірінші лигатура салу;

2 – екінші лигатура салу; 3 – үшінші лигатура салу
Жұмыстың барысы: қимылсыздандырылған бақаны шал- қасынан бекітіп, кеуде қуысын ашып жүрегін перикардтан боса- тады. Финдердің инесін пайдаланып, лигатураны (жипті) қолқа буылтығының астынан өткізіп жүректі көтеріп жоғары қарай аударып тастайды. Бір минуттағы жүректің жиырылуын санап алады да, лигатураны веноздық синус пен оң жақ жүрекше ара- лығынан байлайды (42-сурет).
Бірінші лигатура дұрыс байланса жүрекше мен қарынша- ның соғуы диастола кезеңінде тоқтап қалады да, синус сол бұ- рынғы қалпындағы жиілігімен жиырыла береді. Веноздық си- нустың жиырылуын санап алады. Біраз уақыт өткеннен кейін Биддер түйіні автоматиясына байланысты жүрекше мен қарын- ша өз беттерімен баяу жиырыла бастайды. Бірақ осы жағдайды күтпей бірінші лигатурадан кейін жүрекше мен қарыншаның арасынан екінші лигатура өткізіліп байланады. Екінші лигатура Биддер түйінін механикалық тітіркендіреді. Лигатура орналасу- ына байланысты жүректің қызметі үш түрлі болуы мүмкін:

  1. лигатура Биддер түйінінен жоғары байланса тек қана қа- рынша жиырылады;

  2. лигатура Биддер түйінінен төмен байланса жүрекше жиы- рылады;

  3. лигатура Биддер түйінінің ортасынан байланса жүрекше де қарынша да бірдей жиырылады. Екінші лигатураны байлаған- нан кейін жүректің соғу жиілігіне назар аудару керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет