З. А. Аска- рова, Г. Т. Сраилова, С. С. Маркеева



бет73/116
Дата20.10.2022
өлшемі6,74 Mb.
#154173
түріСабақ
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   116
Байланысты:
Адам және жануарлар физиологиясы бойынша зертханалық сабақтарға жетекші құрал оқу құралы by Аскарова З.А. (z-lib.org)

Жұмысты қорытындылау: жұмыстың барысын дәптерге жазу. Алынған кардиограмма мен кимограмманы дәптерге жап- сыру және олардың тістерін белгілеу. Жүрек кезеңінің циклде- рін анықтап, белгілеу. Станниус тәжірибесінің сызбасын салып алыңыздар. Бірінші және екінші лигатура байланғаннан кейін жүрек соғу жиілігін салыстырып қорытынды жасаңыздар. Жү- ректің автоматиясы дегеніміз не? Адам және бақа жүрегінің өт- кізгіш жүйесінің құрылысы.


ЖҮРЕК ЖҰМЫСЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ РЕТТЕЛУІ


Жүрек өмір бойы 3000 тонна қанды ағызып отырады екен. Жүрек қызметі бір-бірімен біте қайнасқан үш түрлі механизм


арқылы реттеледі, атап айтқанда, клетка ішінде (интрацеллю- ларлық), жүрек ішінде (интракардиалдық) және жүректен тыс (экстракардиалдық) реттелу механизмдері өзара үйлесім тапқан. Интрацеллюларлық реттеу механизмі миокардтың қызмет қарқынының өзгеруі жүрекке керекті мөлшерде қанның келіп құюын қамтамасыз етеді. Бұл реттеу механизмі Франк – Старлинг заңы немесе «жүрек заңы» деп аталып кетті. Миокардтың жиырылу күші оның талшықтарының бастапқы ұзындығының дә- режесіне пропорционалды, былайша айтқанда, диастола кезіндегі миокардтың созылу дәрежесіне сәйкес. Диастола кезінде миокардтың өте кең созылуы жүрекке қанның көбірек келіп құюына мүмкіндік береді. Сонымен бірге миозин талшықтары арасынан әрбір миофибрилдердің ішінен көп актин жіпшелері шығады. Бұл дегеніміз – активті нүктелердің немесе «өткелдер- дің» қанның көбеюі жиырылу кезінде актин және миозин жіпше- лерін жалғастыруы. Сонымен, миокардтың әрбір клеткасы диас- тола кезінде қаншама кең керіліп созылса, соншама систола кезін- де қысқарады. Сондықтан да жүрекке келіп құйылған вена қанын
сондай мөлшерде артерия жүйесіне құйып отырады.
Интракардиалдық реттеу – бұл мүше ішіндегі жүрек қыз- метін реттеудің ең бір жоғарғы деңгейін көрсететін реттеудің жүйкелік механизмі. Оның доғасы орталық жүйке жүйесіне ті- релмей, миокардтың интрамуралды жүйке түйіндерінде бітеді. Егер жылықанды жануарлардың жүрегін бөліп алып, оған келе- тін жүйкелерді кесіп тастап қарайтын болсақ, оның рефлекстік қасиетін жоймағанын байқауға болады. Себебі мүше ішіндегі жүйке жүйесінің құрылысы және қызметі аз уақыт болса да сақ- талған. Сондықтан да бұл жүйеде афференттік нейрондар (сезім- тал) оның дендриттері миокард талшығында созылу рецепторла- рын құрайды, сондай рецепторлар жүрек қан тамырларында да болады және аралық нейрондар мен эфференттік нейрондардан тұрады. Ал эфференттік нейрондардың аксондары миокардты және жүрек тамырларының бірыңғай салалы еттерін реттейді. Бұл нейрондар бір-бірімен синапстар арқылы байланысады. Сөйтіп, олар жүрек ішіндегі рефлекстік доға құрайды.
Барорецептор қолқа доғасында және венада орналасады. Олар қан қысымын реттеп отырады. Мысалы, артерияларда қан
қысымы жоғарыласа, барорецепторларда пайда болған сигнал тамыр жиырылушы (қозғаушы) орталыққа барып, тамырдың то- нусын төмендетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет