З. А. Аска- рова, Г. Т. Сраилова, С. С. Маркеева



бет69/116
Дата20.10.2022
өлшемі6,74 Mb.
#154173
түріСабақ
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   116
Байланысты:
Адам және жануарлар физиологиясы бойынша зертханалық сабақтарға жетекші құрал оқу құралы by Аскарова З.А. (z-lib.org)

Жұмысты қорытындылау: Келликердің тәжірибесінің сызбасын салыңыздар. Келликер тәжірибесі нені дәлелдейді? Қорытынды жасаңыздар.



  1. жұмыс. Экстрасистола

Қарыншаны систола кезінде тітіркендірсе ешқандай жауап болмайды. Ал қарыншаның диастоласы кезіндегі тітіркендіру кезексіз жиырылуды тудырады, оны экстрасистола деп атайды. Кардиограмманы қарасақ, экстрасистоладан соң қалыптағыдан ұзақ үзіліс байқалады. Бұл үзілісті компенсаторлық үзіліс деп атайды. Компенсаторлық үзілістің пайда болуы жүректің кезекті бір циклі түсіп қалуына байланысты. Синус түйінінен шыққан импульс экстрасистолаға келеді. Бұл уақытта қарынша абсолют- тік рефрактерлік мезгілде болады да, кезекті импульс қабылдан- байды. Сондықтан бір цикл орындалмайды (іске асырылмайды). Жұмыстың мақсаты: қарыншаның экстрасистоласын бай-


қау. Экстрасистола мен компенсаторлық үзілістің пайда болу механизмін зерттеп білу.
Жұмысқа қажетті заттар: кимограф, штатив, опера- циялық тақтайша, Энгельманның рычагі, электростимулятор, Рингер ерітіндісі, пипетка, инструменттер жинағы, бақа.
Жұмыстың барысы: бақаны қимылсыздандырып опера- циялық тақтайшаға бекітіп, кеуде қуысын ашып, жүрегін пери- кардтан босатады. Бұл тақтайшаны штативке бекітеді. Энгель- ман рычагіне байланған ілгекпен жүректі ұшынан іліп алып, кардиограмманы жазып алады. Диастола (рычаг төмен түскен
кезде) кезінде қарыншаны электр тогымен тітіркендіреді. Экс- трасистола мен компенсаторлық үзіліс жазылып алынады (40- сурет). Содан кейін қарыншаны систола (рычаг жоғары көтеріл- генде) кезінде тітіркендірсе, экстрасистола пайда болмайды.



  1. сурет. Жүректің экстрасистоласы мен компенсаторлық үзіліс: І – жүректің кезектен тыс жиырылуы және компенсаторлық үзілістің шығу механизмін көр- сететін сызба: 1,2,3, – жүректі кезектен тыс тітіркендіру кезеңдері; ІІ – жүрек- тің кезектен тыс жиырылуын көрсететін кардиограмма





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет