З. А. Аска- рова, Г. Т. Сраилова, С. С. Маркеева



бет77/116
Дата20.10.2022
өлшемі6,74 Mb.
#154173
түріСабақ
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   116
Байланысты:
Адам және жануарлар физиологиясы бойынша зертханалық сабақтарға жетекші құрал оқу құралы by Аскарова З.А. (z-lib.org)
Комп.мод. тест, Комп.мод. тест, Контент Констурк, Контент Констурк, stud.kz-9761, Экология Оқулық Алматы Адам және оны қоршап тұрған орта, Физикалық химия Оқулық Алматы Физикалық химия, Сізді сергітетін кеңестер, Омаров-начало, Диссертация Бергенбек Қазына, Диссертация Бергенбек Қазына, Дюсенбаева Т, 1-курс.Расп бак 2019-2020 2-сем., тест Квуант, тест Квуант
Жұмыстың мақсаты: штрауба әдісі бойынша жекеленген жүрек алу тәсілін үйрену. Электролиттер мен гормондардың оған әсерін бақылау.


43-сурет. Бақаның жекеленген жүрегін дайындау кезеңдері


Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: хирургиялық аспап- тар жиынтығы, кимограф, миограф, штатив, штрауба канюлясы,
лигатуралар, рингер ерітіндісі, адреналин, 1% CaCl2 ерітіндісі, 1% KCl ерітіндісі, пипеткалар. Жұмыс бақамен орындалады.
Жұмыстың барысы: бас миы мен жұлынын бұзу арқылы жансыздандырылған бақаны хирургиялық тақтайшаға бекітіп, жүрегін аршиды. Оң және сол жақ қолқаны тауып, екеуін лига- тураға алады (1,2). Екі лигатураның арасындағы жүрекшеде пай- да болған алаңды тесіп, ұшы қарыншаға жететіндей етіп канюла тығады (3). Канюланың ұшы қарыншадан шығып кетпес үшін оны сол жерден мықтап байлайды (4) (43-сурет).



  1. сурет. Жекеленген жүрек қызметіне электролиттер мен гормондардың әсері:1 – CaCl2; 2 – KCl; 3 – адреналин; а – жүрек жиырылу кимограммалар; ә – зерттелген заттардың енгізу кезеңдері

Егер канюланың ұшы қарыншаға жетсе, жүрек әрбір жиы- рылғанда қарыншадағы қан канюламен жоғары көтеріліп, босаң- сығанда төмен түсіп отырады. Бұдан кейін канюланы рингер ерітіндісімен толтырады да жүректі канюласымен кесіп алады (5). Осындай жүректі денеден жекеленген жүрек деп атайды.


Жүректің сырты тез кеуіп кететіндіктен, оны рингер ерітін- дісімен жиі-жиі сулап отыру керек. Жекеленген жүрек қызметін кимограф барабанына жазу үшін оны миографқа бекітеді (6). Жазардың алдында жүрек ішіндегі қанды бірнеше қайтара рин-
гер ерітіндісімен жуып, ортадан төмен егіп сол ерітіндімен қайта толтырады. Жұмысқа екі пипетка қолданады: біріншісі – канюладан рингер ерітіндісін сорып алу, екіншісі – ерітіндіні құю үшін. Бұдан басқа электролиттер мен гормондар құятын пи- петкаларда болу қажет.

    1. Тәжірибені ішінде таза рингер ерітіндісі бар жүрек қыз- метін жазудан бастайды.

    2. Кальций мен калий тұздарының жүрек жұмысына әсері.

Канюлаға 5 тамшы 1% CaCl2 ерітіндісін тамызады. Жүрек жұмысы күшейеді. Жазып болған соң жүректі рингер ерітіндісі- мен жуып, жүрек жұмысының бастапқы қалпына қайтып оралу- ын бақылау керек. Енді канюлаға 5 тамшы KCl ерітіндісін та- мызсақ, жүрек жұмысы біртіндеп нашарлағанын аңғаруға бола- ды. Жүректі тазартып, жүрек жұмысының бастапқы қалпына оралуын бақылайды.

    1. Жүрек қызметіне адреналиннің әсері. Канюлаға бірнеше тамшы адреналин қосады. Біраз уақыттан кейін жүрек қызметі- нің күшейгенін бақылауға болады. Жүректі жуып, жүрек қызме- тін қалпына келтіреді.

    2. Жүрек қызметіне ацетилхолиннің әсері. Канюлаға 3-5 тамшы ацетилхолин тамызады. Жүрек қыметінің әлсіреп жиы- рылу күшінің азайғанын бақылауға болады. Жүректі рингер ері- тіндісімен тазалап, оның қызметінің бастапқы қалпына келуін жазу (44-сурет).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет