Жұмыстыңмақсаты: бақаның жүрегін басқа жануар- лар жүрегімен салыстыру арқылы оның құрылысының ерек- шелігін байқау. Жүрек жұмысын графикалық тіркеу және оған лигатура қою тәсілдерімен танысу. Жүрек қызметінің әртүрлі фазалары кезінде оның қарыншасының қозғышты- ғын зерттеу.
Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар:бақа союға арнал- ған тақтайша, хирургиялық құрал-саймандар жиынтығы, шта- тив, кимограф, миограф, секундомер, Рингер ерітіндісі, лига- тура, пипетка, сия, электр тітіркендіргіш. Жұмыс бақамен жүргізіледі.
сурет. Станниус лигатурасының көмегімен жүректің түрлі бөлімдерінің автоматтық жиырылу деңгейін зерттеу: 1 – бірінші лигатура салу;
2 – екінші лигатура салу; 3 – үшінші лигатура салу
Жұмыстың барысы:қимылсыздандырылған бақаны шал- қасынан бекітіп, кеуде қуысын ашып жүрегін перикардтан боса- тады. Финдердің инесін пайдаланып, лигатураны (жипті) қолқа буылтығының астынан өткізіп жүректі көтеріп жоғары қарай аударып тастайды. Бір минуттағы жүректің жиырылуын санап алады да, лигатураны веноздық синус пен оң жақ жүрекше ара- лығынан байлайды (42-сурет).
Бірінші лигатура дұрыс байланса жүрекше мен қарынша- ның соғуы диастола кезеңінде тоқтап қалады да, синус сол бұ- рынғы қалпындағы жиілігімен жиырыла береді. Веноздық си- нустың жиырылуын санап алады. Біраз уақыт өткеннен кейін Биддер түйіні автоматиясына байланысты жүрекше мен қарын- ша өз беттерімен баяу жиырыла бастайды. Бірақ осы жағдайды күтпей бірінші лигатурадан кейін жүрекше мен қарыншаның арасынан екінші лигатура өткізіліп байланады. Екінші лигатура Биддер түйінін механикалық тітіркендіреді. Лигатура орналасу- ына байланысты жүректің қызметі үш түрлі болуы мүмкін:
лигатура Биддер түйінінен жоғары байланса тек қана қа- рынша жиырылады;
лигатура Биддер түйінінен төмен байланса жүрекше жиы- рылады;
лигатура Биддер түйінінің ортасынан байланса жүрекше де қарынша да бірдей жиырылады. Екінші лигатураны байлаған- нан кейін жүректің соғу жиілігіне назар аудару керек.