З. А. Аска- рова, Г. Т. Сраилова, С. С. Маркеева


ЖҮРЕК ТАМЫРЛАРЫНДАҒЫ ҚАННЫҢ АҒЫСЫ



бет80/116
Дата20.10.2022
өлшемі6,74 Mb.
#154173
түріСабақ
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   116
Байланысты:
Адам және жануарлар физиологиясы бойынша зертханалық сабақтарға жетекші құрал оқу құралы by Аскарова З.А. (z-lib.org)

ЖҮРЕК ТАМЫРЛАРЫНДАҒЫ ҚАННЫҢ АҒЫСЫ


Жүрек етіне қан әкелетін тәждік артерия қолқаның сол қа- рыншасынан басталады. Бұл артерияларға қан негізінде диасто- ла кезінде өтеді. Систола уақытында жүрек еті жиырылып, тәж- дік тамыр қысылғандықтан, қан ағысы өте төмендейді. Жүрек еті басқа ағзаларға қарағанда қаннан белгілі бір уақыт арасында оттегін көп сіңіреді. Жүрек тамыры тарылып, оттегі аз сіңіріле- тін болса, қатты ауыру сезімі пайда болады. Сау адамда оттегі жеткіліксіз болса, тәждік артериялар кеңейіп миокардты оттегі- мен қамтамасыз етеді.


Өкпе тамырларындағы қанның ағысы. Өкпе тканіне қан та- мырлардың үлкен және кіші шеңберлерінен келеді. Кіші шеңбер капиллярлары өкпе көпіршіктерінде тарамданып, қалың тор құ- райды. Бұл капиллярларға оң қарыншадан басталатын өкпе ар- териялары көмір қышқыл газына бай веналық қан әкеледі, ал өк- пе капиллярларынан шығатын оттегіне қаныққан артериялық қан 4 өкпе венасы арқылы сол жүрекшеге барып құйылады.
Адамның жасына байланысты жүрек пен тамырлардың, ал- дымен, құрылымында, онан соң функцияларында өзгерістер пайда болады. 30-40 жастан жүрек, тамырлар құрылымында кә- рілікке тән өзгерістер басталады. Біртіндеп ет талшықтарының серпімділігі төмендейді, ет ұлпасының орнына дәнекер ұлпасы өсе бастайды. Клеткалардың субклеткалық құрылымдарының жаңаруы баяулайды, әсіресе митохондрияларда жаңару қарқыны
төмендеп миокардта қуаттың жеткіліксіздігі туындайды. Еттің созылмалық қасиеті төмендеуіне байланысты гетерометрлік ме- ханизм бұзылады. Жүрек қуысы кеңеюі мүмкін. Тежелу үдерісі нашарлауына байланысты тахикардия кездеседі. Қарт адамдарда атеросклероз үдерісінің дамуына байланысты тәждік тамырлар- дың жетіспеушілігі басталады. Артериялық пульс толқынының таралуы шапшаңдайды. Кәрі адамдарда ашық капиллярлардың, яғни олардың қан айналысына қатысатын саны азаяды. Капил- лярлардың заттарға өтімділігі бұзылады.
Тамырлардағы барорецепторлардың сезімталдығы төмен- деп, хеморецепторлардың ацетилхолинге, адреналинге, гипер- тензинге сезімталдығы күшейеді. Бірақ химиялық заттардың әсері көп қайталанатын болса, онда хеморецепторлық рефлекс- тердің әсері төмендейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет