Жұмысты қорытындылау: жұмыстың барысын жазу. Алынған кардиограмманы дәптерге жабыстырып, оны белгілеу. Жазылып алынған кардиограммаларды өзара салыстыру арқы- лы, қорытындылау.
жұмыс. Микроскоп арқылы бақаның жүзу жарғақтарындағы қан айналысын бақылау
Қанның қызметі оның үздіксіз айналуы арқылы іске асады. Қан артерия мен вена тамырларының арасындағы қысым айыр- машылығы негізінде қозғалады. Қан тамырларының көлденең саңылаулары (диаметрі) біркелкі болмағандықтан, олардағы қанның жылжу жылдамдықтары әртүрлі. Бақаның жүзу жарғақ-
тарының түрлі тамырларындағы қан қозғалысын микроскоп ар- қылы байқауға болады.
Жұмыстың мақсаты: әртүрлі қан тамырларындағы қан қозғалысын байқау.
Жұмысқа қажетті заттар: микроскоп, операциялық тақ- тайша, наркоздалған бақа.
Жұмыстың барысы: наркоздалған бақаны операциялық тақтайшаның үстіне етпетінен жатқызады. Артқы бір аяғының табанындағы жүзу жарғақтарын тақтайша тесігінің үстіне ақы- рын ғана керіп шанышқымен бекітеді (тым қатты керсе, та- мырдағы қанның қозғалысы тоқтап қалады); микроскоптың тубусын тақтайша тесігінің үстіне қойып микроскоппен арте- риола, венула және капиллярларды тауып алып, олардағы қан қозғалысының жылдамдығын байқайды. Әсіресе капиллярлар- дағы қанның қызыл түйіршіктерінің қозғалысына ерекше на- зар аудару керек.
Жұмысты қорытындылау: бақаның жүзу жарғақтарындағы қан тамырларын дәптерге салыңыздар. Тексеру сұрақтары: Қан ағымының көлемді және сызықты жылдамдығы дегеніміз не?
ҚАН ТАМЫРЛАРЫ
Қан тамырларының құрылым ерекшеліктері. Қан та- мырларының ерекшеліктеріне қарай бөлінетін топтары.
Амортизациялық қан тамырлары – даңғыл-магистральды, қы- сымдық-компрессиялық тамырлар тобына қабырғаларында серпім- ді талшықтары көп қолка, өкпе т.б. жуан артериялар жатады.
Резистивтікке кедергі тамырлары қатарына қабырғала- рында қалың ет талшықтары бар жіңішке артериолалар мен прекапиллярлық, посткапиллярлық сфинктрлер жатады. Ка- пиллярлар мен жіңішке венулалар көптеген жіңішке түтікше- лерге айналады, сайып келгенде, бұлар да қан ағысына едәуір кедергі жасай алады.
Сфинктерлі тамырлар қатарына өн бойында сақина тәрізді ет талшықтары бар, сондай-ақ сфинктер құраған артериолалар мен прекапилляр жатады. Бұлардың жиырылып-жазылуы нәти- жесінде капиллярлардағы қан айналысы реттеледі.
Зат алмасу тамырлары қатарына капилляр венулалар жата- ды. Бұлардың қабырғалары өте жұқа. Бірақ қабат эндотелийден тұрады, сондықтан да сұйықтықтар мен ерітінділер, қоректік заттар қаннан тканьге, тканьннен қанға диффузия, сүзгі арқылы өтеді.
Артериолалар мен венулаларды жалғастыратын көпірше та- мырдың бас жағында сфинктер болады. Ол жиырылса, көпірше тамырдан қан өтпейді, барлық қан капиллярлар арқылы өтеді. Ал сфинктер босаңсыса, қан көпірше тамыр арқылы артериола- дан венулаға өтіп, венадағы қан ағысын тездетеді.
Көлемді әрі сыйымды тамырлар капиллярлардан кейінгі өте ұсақ вена тамырларынан тұрады. Венула қабырғасы жұқа әрі со- зылғыш келеді. Веналар саны артериялардан көбірек. Вена ке- ңейсе, оларда бар қанның 70-80%-ы сыйып кетер еді. Сондықтан да бұл тамырлар көлемді, сыйымды тамырлар деп аталады.
Веналар жұқа болса да, ол жиырылғанда жүрекке құйыла- тын қан көлемі көп артады. Б.М. Ткаченко жүрек пен тамыр жүйесін атқаратын қызметіне қарай 8 топқа жіктейді.
Достарыңызбен бөлісу: |