З. А. Аска- рова, Г. Т. Сраилова, С. С. Маркеева


ГЕМОДИНАМИКАНЫҢ НЕГІЗГІ ПРИНЦИПТЕРІ



бет79/116
Дата20.10.2022
өлшемі6,74 Mb.
#154173
түріСабақ
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   116
Байланысты:
Адам және жануарлар физиологиясы бойынша зертханалық сабақтарға жетекші құрал оқу құралы by Аскарова З.А. (z-lib.org)
Комп.мод. тест, Комп.мод. тест, Контент Констурк, Контент Констурк, stud.kz-9761, Экология Оқулық Алматы Адам және оны қоршап тұрған орта, Физикалық химия Оқулық Алматы Физикалық химия, Сізді сергітетін кеңестер, Омаров-начало, Диссертация Бергенбек Қазына, Диссертация Бергенбек Қазына, Дюсенбаева Т, 1-курс.Расп бак 2019-2020 2-сем., тест Квуант, тест Квуант

ГЕМОДИНАМИКАНЫҢ НЕГІЗГІ ПРИНЦИПТЕРІ


Қан тамырлар жүйесінен қанның ағысын зерттеуші ғылым- ның бірі – гемодинамика. Бұл физика ғылымының гидродинами- ка деген тарауының бір бөлігі болып есептеледі.


Термодинамика заңына сәйкес кез келген түтікшеден ағып өт- кен сұйықтықтың көлемі (Q) трубаның (P1) басындағы және аяғын- дағы (P2) қысымның айырмашылығына тура пропорционалды да, оның ағуына қарсы кендергісіне кері пропорционалды:

Q = P1– P2 / R.


Егер осы формуланы адамның қан тамырында ағатын қан- ның жүйесіне қолданатын болсақ, бұл формула басқаша түрге айналады. Себебі қантамырдың ең ақырғы жерінде, былайша айтқанда, қуыс венаның жүрекке құяр жеріндегі қан қысымы нөлге тең. Сондықтан да теңдеу мынадай сипатқа ауысады:


Q= P/R,
мұндағы Q – 1 минуттағы жүректен ағып шығатын қанның мөлшері;
P – қолқадағы қанның орташа қысымы;
R – қан тамыры қабырғасы кедергісінің мөлшері. Осы теңдеуден мынадай байланысты байқауға болады.
P = QхR, былайша айтқанда, қолқадағы қанның қысымы (Р) жүректен 1 минутта атқып шыққан көлеміне және шеткі қолқа- дағы кедергіге (R) байланысты. Ал ортадағы қан қысымын және қанның минуттық көлемін бірден өлшеп анықтауға болады. Осы көрсеткіштер белгілі болса, шеткі кедергілерді де табуға болады. Ал шеткі тамырлардың кедергісі көптеген жеке-жеке тамыр кедергілерінің жиынтығынан тұрады. Кез келген осындай қан тамырын трубаға баламалап, Пуазейль формуласы бойын- ша, оның кедергісін анықтауға болады:
R = 8lh/nr4, l – түтіктің ұзындығы (тамырдың);
h – одан ағатын сұйықтықтың (қанның) тұтқырлығы; n – шеңбердің оның диаметріне қатынасы;
r – түтіктің радиусы (тамырдың).


ҚАН ҚЫСЫМЫ


Қан қысымы қан тамырларының әрбір бөлімінде әртүрлі:



  1. Қолқада бәрінен де жоғары, с.б.б. 120-130 мм.

  2. Орташа жуандықты артерияда қан қысымы 100-110 мм- ге дейін төмендеп, қолқа мен артериядағы қысым айырмасы қан тамыры қабырғасының кедергісін жеңуге жұмсалады.

  3. Артериолаларда қан қысымы – с.б.б. 70-80 мм, мұнда систолалық және диастолалық қысым арасында айырмашылық жойылады.

  4. Капиллярлардың артериялық бөлімінде қан қысымы – с.б.б. 25-30 мм, капиллярлардың веналық бөлімінде қан қысымы едәуір төмендейді – с.б.б. 6-15 мм.

  5. Орташа жуандықтағы веналарда қан қысымы с.б.б. 9-12 мм, ал қуыс қос венада – -2; -4 мм.с.б.б. Жоғары, төменгі қуыс

веналарда қан қысымы атмосфералық қысымынан төмен болуы мүмкін, сондықтан теріс қысымды веналар жарақаттанған кезде одан қан сыртқа ақпайды, керісінше оған ауа кіріп кетеді. Қан тамырына енген ауа көпіршіктері аса маңызды ағзалардың қан тамырларын бітеп (эмболия), қан айналысын тоқтатады. Бұл тір- шілік үшін қан кетуден де қауіптірек.
Артериялық қысымның деңгейіне көптеген факторлар әсер етеді.
Қан қысымының жоғары көрсеткіші гипертония, ал төмен- дегені гипотония деп аталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет