З. А. Аска- рова, Г. Т. Сраилова, С. С. Маркеева


ЖҮРЕКТІҢ СИСТОЛАЛЫҚ ЖӘНЕ МИНУТТЫҚ СЫЙЫМДЫЛЫҒЫ



бет81/116
Дата20.10.2022
өлшемі6,74 Mb.
#154173
түріСабақ
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   116
Байланысты:
Адам және жануарлар физиологиясы бойынша зертханалық сабақтарға жетекші құрал оқу құралы by Аскарова З.А. (z-lib.org)
Комп.мод. тест, Комп.мод. тест, Контент Констурк, Контент Констурк, stud.kz-9761, Экология Оқулық Алматы Адам және оны қоршап тұрған орта, Физикалық химия Оқулық Алматы Физикалық химия, Сізді сергітетін кеңестер, Омаров-начало, Диссертация Бергенбек Қазына, Диссертация Бергенбек Қазына, Дюсенбаева Т, 1-курс.Расп бак 2019-2020 2-сем., тест Квуант, тест Квуант

ЖҮРЕКТІҢ СИСТОЛАЛЫҚ ЖӘНЕ МИНУТТЫҚ СЫЙЫМДЫЛЫҒЫ


Жүрек еттері жиырылған кезде қолқа мен өкпе арте- риясына белгілі мөлшерде қан құйылады. Қарыншадан систо- ла кезінде шығатын қанның мөлшерін систолалық сыйымды- лық деп атайды. Ол қарынша қуысының көлеміне, жүрекке оралған қан мөлшеріне, қарынша етінің жиырылу күшіне, жү- рек жұмысының жиілігіне қарай өзгереді. Адамда систолалық сыйымдылық – 65-70 мл, қой-ешкіде – 70 мл, жылқы мен ірі қарада – 500-600 мл.


Жүректен бір минутта өтетін қан мөлшерін жүректің минут- тық сыйымдылығы дейді. Оның мөлшері жасқа, ағзаның шыны- ғу деңгейіне, жүрек жұмысының жиілігіне, т.б. қарай өзгереді. Жүрекгің минуттық сыйымдылығын оның систолалық сыйым- дылық мөлшерін жүректің бір минуттағы соғу жылдамдығына көбейту арқылы анықтайды. Адамда орта есеппен оның мөлшері
– 4,5-5 л, жылқыда – 20-30 л, ірі қарада – 40-50 л.
Дене жұмысы кезінде жүректің минуттық сыйымдылығы көбейеді. Жаттықпаған, шынықпаған ағзада ол жүрек со- ғуының жиілеуі, ал жаттыққан ағзада систолалық сыйымды- лықтың көбеюі арқылы өседі. Жүректің соғу жиілігінің белгі-
лі шегі болады, ол шексіз өсе алмайды, сондықтан бұл меха- низм онша сенімді, тиімді механизм емес. Ал жақсы шынық- қан ағзада жұмыс үстінде жүректің систолалық сыйымдылы- ғы өседі де, соңынан ағза мұқтаждығына қарай оның соғу жиілілігі артады.


ЖҮРЕК-ТАМЫР ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТІН РЕТТЕУ МЕХАНИЗМДЕРІ


Жүректің өз қызметін әртүрлі сыртқы әсер ықпалынсыз өз- геріп, басқару қабілетін өзіндік (ағзалық) реттеу деп атайды. Қа- зіргі кезде жүректің өзіндік реттеу механизмін үш түрге бөледі.


Гидродинамикалық аутореттеу (өзіндік реттеу) механизмі. Бұл механизм «гидродинамикалық кері байланыс» арқылы жү- ректің оң және сол бөліктерінің жұмысын үйлестіріп отырады. Мысалы, әртүрлі ырғақта жұмыс істеп тұрған «оқшауланған» екі жүректі тізбектеп, бірінен қуылған қан екіншісіне, ал екінші- сінен қуылған қан қайтадан бірінші жүрекке оралатындай етіп ортақ жүйеге қосса, олар бір ырғақта жұмыс істей бастайды. Оған бұл екі жүректің арасында «гидродинамикалық кері байла- ныстың» қалыптасуы себепші болады. Демек, жүрек жұмысы- ның ырғағы мен жүрек етінің жиырылу күші жүрек қуыстарын- дағы қысымға сәйкес өзгеріп отырады.
Гетерометриялық аутореттеу механизмі. Бұл механизм жү- рек етінің жиырылу күшін оның ет талшықтарының бастапқы созылу дәрежесіне қарай өзгертіп отырады. Жүрек еті неғұрлым көбірек созылса, соғұрлым ол күштірек жиырылады. Осы меха- низм «Старлинг заңын» түсіндіруге негіз болады.
Гомеометриялық аутореттеу механизмі. Қалыпты жағдайда жүректің жиырылу күші миокард талшықтарының бастапқы ұзындығына (жүректің толу, керілу дәрежесіне) ғана сәйкес өз- гермей, жүрек етіндегі иондар концентрациясына байланысты да өзгеріп отырады. Жүректің жиырылу кезеңі ұзарса, жүрек еті талшықтарындағы кальций иондарының концентрациясы кө- бейеді. Жүректің соғу ырғағы жиілесе де оның жиырылу күші артады. Оның себебі бұл жағдайда диастола қысқарып, систола кезінде ет талшықтарына енген кальций иондары кері шығып
үлгермейді де, оның клеткалардағы концентрациясы жоғарылай- ды. Дәл осы феномен «Боудич баспалдағының» негізінде жата- ды. Осыдан жүрек жұмысы жүрекке оралған қанның құрамына байланысты да өзгеріп отырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет