Жұмыстың барысы: алдын ала ауаға толтырылған пнев- мографты тексерілушінің көкірек қуысына бекітеді. Марея қап- шықшасымен жалғасқан қаламұшы бар иінді кимографқа тигі- зіп, пневмограмманы жазады:
Қалыпты тыныс алу кезеңін.
Еркін түрде тыныс алуды өзгерте отырып, тыныс алу қоз- ғалыстарын жазу:
а) баяу;
ә) жылдам, гипервентиляциядан кейінгі апноэның (тыныс алудың тоқтауы) пайда болуын бақылау;
Еркін түрде тыныс алуды өзгерте отырып, тыныс алу қоз- ғалыстарын жазу:
а) баяу;
ә) жылдам, гипервентиляциядан кейінгі апноэның (тыныс алудың тоқтауы) пайда болуын бақылау;
б) созылмалы дем шығару;
в) демді ішке тартқаннан кейін және сыртқа шығарғаннан кейін ұстап тұру.
Тыныштық жағдайында «тік тұрып» тыныс алуды тіркеу.
Жүктеме кезіндегі тыныс алуды тіркеу: а) отырып-тұру;
ә) бір орында тұрып жүгіру;
б) биіктігі 20 см орындыққа метрономның ырғағына сәй- кес 10 минут 40 қозғалыс минутына және 3 минут 120 қозғалыс минутіна екпінмен көтеріліп, түсу.
Жұмыс аяқталғаннан кейін тыныс алу бастапқы қалпы- на оралғанша тыныс алу қозғалысын тіркеуді жалғастыра беру.
Бір минуттағы тыныс алу қозғалысының саны мен оның амплитудасын миллиметрмен есептеп шығару.
Ескерту: әрбір кезекті тапсырмадан кейін зерттелушіге 15-20 минут демалыс беріп отыру қажет.