З. А. Аска- рова, Г. Т. Сраилова, С. С. Маркеева



бет97/116
Дата20.10.2022
өлшемі6,74 Mb.
#154173
түріСабақ
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   116
Байланысты:
Адам және жануарлар физиологиясы бойынша зертханалық сабақтарға жетекші құрал оқу құралы by Аскарова З.А. (z-lib.org)

7-тарау
АС ҚОРЫТУ ФИЗИОЛОГИЯСЫ


Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Ас қорыту жүйесі, оның бөлімдері.

  2. Ас қорыту бездері, ас қорыту үдерістеріндегі қызметі.

  3. Асқорыту (гастроинтестинальды) гормондары және олардың маңызы.

  4. Қарындағы сөл шығуының реттелуі. Қарындағы астың қорытылуы.

  5. Қарынның қимыл-әрекеті.

  6. Ішектегі астың қорытылуы.

  7. Мембраналық ас қорыту.

  8. Өттің ас қорытудағы маңызы.

  9. Ас сіңіру механизмі.

Аc қорыту деп cыртқы ортадан ағза қабылдаған қоректік заттардың күрделі қоcылыcтарын денеге жеңіл сіңетін қарапай- ым қоcылыстарға айналуын қамтамасыз ететін физиологиялық үдерістер жиынтығын айтады.


Аcқорыту жүйеcінде тағам әртүрлі механикалық және хи- миялық өзгерістерге ұшырайды. Тағам құрамындағы нәруыздар, майлар, көмірсулар суда ерімейді. Сондықтан олар қан мен лим- фаға өте алмайды. Аcқорыту мүшелерінде тағамның шайналып ұcақталуы механикалық өңдеу делінеді. Аcқорыту бездерінен бөлінген сөлдің әсерінен ыдырауы химиялық өзгерістерге жата- ды. Аcқорыту мүшелеріне ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, қа- рын, аш ішек және тоқ ішек жатады. Аcқорыту мүшелерінің іші қуыс, түтікке ұқсас. Асқорыту мүшелерінің қабырғасы, негізі- нен, үш қабаттан тұрады: cыртқы қабаты – дәнекер ұлпадан тұ-
ратын сірқабат, ортаңғысы – бұлшық ет қабаты, ішкі қабаты эпителий ұлпасынан түзілген.
Астың өңделуі ауыз қуысынан басталады. Ауыз қуысына 3 жұп сілекей безінің өзегі ашылады. Тағам, алдымен, ауыз қуы- сында шайналып ұсақталады әрі сілекеймен араласып, жұтыла- ды. Тамақты жұту – күрделі физиологиялық үдеріс. Жұтылған тамақ жұтқыншақ арқылы өңешке түседі. Тыныс алғанда ауа жұтқыншақ арқылы көмекейге өтеді. Жұтқыншақ арқылы тамақ та, ауа да өтеді. Сондықтан ол әрі асқорыту, әрі тынысалу мүше- лер жүйесіне жатады. Өңеш – ұзындығы 25 сантиметрдей іші қуыс бұлшық етті мүше. Оның жоғарғы бөлімі жұтқыншақпен, төменгі бөлімі қарынмен жалғасады. Өңешті астарлап жатқан сі- лемейлі қабықшасы көп қабатты эпителиймен қапталған. Эпите- лийлердің ұзын қатпарлары тамақ өткен кезде өңешті кеңейтеді. Өңештің ортаңғы бұлшық етті қабықшасының көп бөлігі бірың- ғай салалы бұлшық ет ұлпасынан тұрады. Осы бұлшық еттердің толқын тәрізді жиырылуы нәтижесінде тағам қарынға түседі. Өңеш диафрагманың ортасындағы тесіктен өтіп, құрсақ қуы- сындағы қарынмен жалғасады. Қарын – құрсақ қуысының жоға- ры бөлімінің сол жағында, диафрагманың астында орналасқан асқорыту жолының кеңейген мүшесі. Қарын – іші қуыс қалың бұлшық етті мүше. Ол жоғарғы жағынан өңешпен, төменгі жа- ғынан аш ішектің басталар жері ұлтабармен жалғасады. Қарын- ның ішкі жағын астарлап жатқан қатпарлы сілемейлі (шырыш- ты) қабықшасы оның көлемін үлкейтеді. Қарынның қабырға- сындағы бірыңғай салалы бұлшық ет талшықтары үш түрлі ба- ғытта орналасқан. Ішкі қабаты қиғаш, ортаңғысы сақина төріз- ді, ал сыртқысы ұзыннан орналасқан. Қарынның катпарланған сілемейлі (шырышты) қабықшасында өте көп ұсақ бездер бар. Бұл бездерден қарын сөлі бөлінеді. Қарынның өңешпен және ұл- табармен (он екі елі ішек) байланысқан жерінде сақина тәрізді бұлшық еттер болады. Аш ішек – қарын мен тоқ ішекті жалғас- тыратын түтік пішінді бұлшық етті мүше. Оның ұзындығы ере- сек адамдарда 5,5-6 метрдей. Аш ішектің қарыннан басталған 25-30 сантиметрдей бөлімі ұлтабар деп аталады. Ұлтабарға бауырдан келетін өт қабының өзегі және ұйқы бездің де өзегі ашылады. Аш ішек ирелеңдеп орналасқан. Оның ішкі қабырға-
сында көптеген сақина пішінді қатпарлар бар. Сонымен бірге аш ішектің сілемейлі қабықшасында тұйық өскін түріндегі бүрлер өте көп. Бұл бүрлер ішектің ішкі сіңіру бетін ұлғайтады. Аш ішек қабырғасындағы бұлшық ет талшықтары толқын тәрізді жиырылып, босаңсып тұрады. Осының нәтижесінде жеген та- мақ ішектің ішімен алға қарай жылжып отырады. Тоқ ішектің ұзындығы 1,5-2 метрдей, аш ішектен екі еседей жуан. Тоқ ішектің аш ішектен басталған жері бүйен деп аталады. Ол оң жақтағы мықын тұсында орналасқан. Бүйеннің төменгі шетін- де ұзындығы 7-8 сантиметрдей құрт пішінді тұйық өскін со- қырішек болады. Оны аппендикс (лат. «арреndіх» – қосалқы) деп атайды. Ол лимфа жүйесіне жататын мүше. Оның қабы- нуынан болатын ауру соқырішек (аппендицит) деп аталады. Тоқ ішектің соңғы бөлімі – тік ішек. Тоқ ішектің май қабаты қалың болады, оның сілемейлі қабықшасында жарты ай пі- шінді ірі әрі жалпақ қатпарлар көптеп кездеседі. Тоқ ішекте су қайтадан денеге сіңіріледі де, нәжіс қалыптасады. Тоқ ішекте өте көп бактериялар болады, олар ағзаға пайдалы. Бұл бактериялар өсімдік клетчаткасын ыдыратады, кейбір вита- миндерді синтездейді. Зиянды микробтардан қорғап, тамақ- тың дұрыс қорытылуын қамтамасыз етеді.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет