З. А. Аска- рова, Г. Т. Сраилова, С. С. Маркеева



бет100/116
Дата20.10.2022
өлшемі6,74 Mb.
#154173
түріСабақ
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   116
Байланысты:
Адам және жануарлар физиологиясы бойынша зертханалық сабақтарға жетекші құрал оқу құралы by Аскарова З.А. (z-lib.org)
Комп.мод. тест, Комп.мод. тест, Контент Констурк, Контент Констурк, stud.kz-9761, Экология Оқулық Алматы Адам және оны қоршап тұрған орта, Физикалық химия Оқулық Алматы Физикалық химия, Сізді сергітетін кеңестер, Омаров-начало, Диссертация Бергенбек Қазына, Диссертация Бергенбек Қазына, Дюсенбаева Т, 1-курс.Расп бак 2019-2020 2-сем., тест Квуант, тест Квуант
Жұмысты қорытындылау: №1 пробиркадағы сүт тез іри- ді, өйткені химозин ферменті қышқыл ортада күшті әсер етеді. Ал №2 пробиркадағы сүт те іріген, бірақ химозин ферменті нейтральды ортада әлсіздеу әсер көрсетеді. №3 пробиркадағы сүт ірімеген, өйткені ондағы ферменттер қайнату барысында то- лықтай ыдырап кеткен. Тәжірибенің нәтижелерін кестеге түсі- ріп, қорытындылаңыздар.



  1. жұмыс. Өттің майға әсері



Жұмыстың мақсаты: өттің майға әсерін білу.
Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: лупа, әйнек кесінді- сі, штатив, пробирка, воронка, пипетка, өт, өсімдік майы, қағаз фильтрі, су.
Жұмыстың барысы: тәжірибе мынадай екі тәсілмен жүреді:

  1. Екі шыны кесіндіні алып, біреуіне су тамызып, екін- шісіне өт тамызады. Олардың үстіне бір-бір тамшы май та- мызады да араластырады. Екеуін үлкейткіш лупамен қарап, қалай өзгергенін дәптерге жазу керек. 2. Екі воронка алып бірін өтпен, екіншісін сумен ылғалдайды. Штативке екі про- бирканы орналастырып, воронкаларды пробиркаларға кигі- зеді. Әрбір воронкаға 10 мл өсімдік майын құяды. 45 минут өткеннен соң фильтрден өткен майдың мөлшерін дәптерге жазып алады.

Жұмысты қорытындылау: 1. Бірінші тәжірибедегі нәти- жені, өтпен судағы май тамшысы қалай өзгергенін суретке салу.

  1. Екінші тәжірибедегі пробиркалардың қайсысында май көп өт- ті, оның себебін түсіндіру.

Бақылау сұрақтары:



    1. Жануарларда ас қорыту жүйесінің секреторлық қызметін анықтау әдісі:

а) оқшауланған ағзалар ә) экстирпация
б) вивисексия
в) созылмалы тәжірибе г) электрогастрография

    1. Сілекей бөлу орталығы: а) жұлында

ә) ортаңғы мида б) ми қыртысында в) сопақша мида г) мишықта



    1. Жұту және шайнау орталықтрының орналасуы: а) ми қыртысында

ә) гипоталамуста б) ортаңғы мида в) сопақша мида г) жұлында



    1. Крахмалды ыдыратушы фермент: а) пепсин

ә) амилаза
б) гастриксин в) трипсин
г) химотрипсин



    1. Жұтуды жеңілдететін сілекей құрамындағы зат: а) хлоридтер

ә) мочевина б) фосфаттар в) муцин
г) лизоцим



    1. Қарын биопотенциалдарын тіркеу әдісі: а) сиалография

ә) мастикациография
б) электрокардиография в) электрогастрография г) электромиография



    1. Тамақты көргенде және иісін сезгендегі сөлдің бөліну кезеңі: а) шартсыз рефлекстік

ә) шартты рефлекстік б) гуморальды
в) қарын кезеңі г) ішектік.



    1. Ағзадағы гликогеннің қоры: а) өкпе

ә) көкбауыр б) бауыр
в) бүйрек
г) ұйқы безі



    1. Майларды ыдырататын фермент: а) липаза

ә) амилаза б) мальтаза в) инвертаза г) пепсин



    1. Ас қорыту жүйесінің эндокриндік қызметі мына гормондардың бөлі- нуіне байланысты:

а) кортикостерон ә) либериндер
б) трииодтиронин
в) простагландиндер
г) гастроинтестиналдық гормондар



    1. Бауырдың белок өнімдерін усыздандыру қызметі: а) иммундық

ә) белок түзетін б) қан жасау
в) дезинтоксикациялық г) өт түзілу



    1. Қоректік заттар ыдырағандағы түзілетін соңғы өнімдер: а) димерлер

ә) полимерлер
б) полипептидтер в) олигомерлер
г) мономерлер



    1. Қоректік заттардың сіңірілуі негізінен жүреді: а) ауыз қуысында

ә) қарында б) аш ішекте
в) он екі елі ішекте г) тоқ ішекте



    1. Шайнау аппаратының қызметін зерттеу әдісі: а) сиалография

ә) «жалған тамақтандыру» тәжірибесі б) мастикациография
в) электрокардиография г) радиотелеметрия

    1. Қарын бездері сөлінің бөлінуін күшейтеді: а) нейротензин

ә) секретин б) гастрин
в) соматостатин г) вилликинин



    1. Майларды ыдырататын зат: а) липаза

ә) амилаза б) трипсин
в) өт қышқылдары г) пепсин



    1. Аш ішек қозғалысын күшейтеді: а) адреналин

ә) ацетилхолин
б) гамма-амин май қышқылы в) глицин
г) тироксин



    1. Қолайлы жағдайдағы, аш қарындағы және жатқандағы зат алмасу қарқынының көрсеткіші:

а) жұмысшы алмасу ә) негізгі алмасу
б) көмірсулар алмасуы в) минералдар алмасуы г) газдар алмасуы



    1. Ұйқы безі сөлінің трипсиногенін трипсинге айналдыратын фермент: а) энтерокиназалар

ә) фосфатазалар б) амилазалар в) липазалар
г) фосфолипазалар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет