З. А. Аска- рова, Г. Т. Сраилова, С. С. Маркеева


жұмыс. Негізгі зат алмасу мөлшерін кестемен есептеу



бет102/116
Дата20.10.2022
өлшемі6,74 Mb.
#154173
түріСабақ
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   116
Байланысты:
Адам және жануарлар физиологиясы бойынша зертханалық сабақтарға жетекші құрал оқу құралы by Аскарова З.А. (z-lib.org)

жұмыс. Негізгі зат алмасу мөлшерін кестемен есептеу


Адам толық тыныштықта болғанның өзінде белгілі мөлшер- де қуат жұмсайды. Денедегі физиологиялық қызметтерге ты- нымсыз үнемі қуат жұмсалып жатады. Қалыпты жағдайда адам ағзасындағы ең төменгі деңгейлі зат алмасуы мен қуаттың жұм-


салуын негізгі зат алмасуы дейді. Негізгі зат алмасуы кезіндегі қуат тыныштық жағдайдағы тіршілікті сақтайтын жүрек-қан та- мырлар, бүйрек, бауыр сияқты мүшелердің үздіксіз қызметі үшін клеткалардағы зат алмасуын қамтамасыз етуге жұмсалады. Жұмыстың мақсаты: адамның зат алмасуын, оның мөл-
шері неге байланысты және қалай өзгертетінін білу.
Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: Сантиметрлік тас- па, таразы, негізгі зат алмасуын анықтайтын кестелер.
Жұмыстың барысы: адамның бойы мен салмағын өлшей- ді. Кесте бойынша негізгі зат алмасу мөлшерін есептейді. Ер адамның зат алмасуы әйелдерден 10% жоғары. Мысалы, еркек- тің жасы 25, бойы 168 см, салмағы 60 кг, кестедегі осыған дәл келетін сан – 892 (кестенің А бөлігі). Кестенің Б бөлігінен гори- зонтальды сызық бойынша (25 жас) және вертикаль сызығымен 7(168 см) осы екі сызықтың түйісінде – 672. Содан соң екі санды қосады: 892 + 672 = 1564 ккал (4,5-кесте).


  1. жұмыс. Рид формуласымен негізгі зат алмасуын есептеу


Рид формуласы мен номограмма арқылы әр адамның жеке негізгі алмасу мөлшерінің статистикалық нормадан ауып кету пайызын анықтауға болады. Анықтау барысында артериалдық қысымы мен пульстің жиілігі және ағзадағы жылының өнімі арасындағы байланыс ескеріледі. Осы әдіс арқылы анықталған нәтижелерде аса үлкен дәлділік болмауы мүмкін, бірақ кейбір ауруларда (мысалы, тиреотоксикоз) толығымен тиянақты болып табылады және оларды диагноз қоюға да пайдаланады.


Жұмыстың мақсаты: зат алмасуының қан қысымымен байланысты екенін білу.
Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: сфигмоманометр, фонендоскоп, секундомер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет