З. А. Аска- рова, Г. Т. Сраилова, С. С. Маркеева


жұмыс. Қарын сөлінің қышқылдығын анықтау



бет99/116
Дата20.10.2022
өлшемі6,74 Mb.
#154173
түріСабақ
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   116
Байланысты:
Адам және жануарлар физиологиясы бойынша зертханалық сабақтарға жетекші құрал оқу құралы by Аскарова З.А. (z-lib.org)

жұмыс. Қарын сөлінің қышқылдығын анықтау




Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: қарын сөлі, 0,5% HCl, 0,1N NaOH, 1% CuSO4, лакмус қағазы, индикатор (фенолф- талеин), дистилляцияланған су, фибрин, штатив, пробирка, тер- мостат, мұзды су, колба, пипетка, бюретка, пинцет, қайшы, әй- нек, қарындаш.
Жұмыстың барысы: қарын сөлінің 5 мл-ін колбаға құйып, индикаторларды қосып қойып (1-2 тамшы), 0,1 N NaOH ерітін- дісімен титрлейді. Қызыл түс сары түске ауысады. Қанша мл NaOH кеткенін жазып алады. Содан кейін NaOH тағы да аздап қосады, сары түс қайтадан қызыл түске ауысады. Бұл мөлшерді де жазып алады. Осыған кеткен сілтінің мөлшері қарын сөлінің
жалпы қышқылдылығын көрсетеді. Осы саннан алғашқы санды алып тастаса, шыққан айырым байланған HCl мөлшеріне тең. Мысалы, жалпы қышқылдылығы – 54, байланбаған – 41, сонда 54-41=13.
Жұмысты қорытындылау: жұмыстың барысын дәптерге жазу. Тәжірибе нәтижелерін кесте арқылы қорытындылау.


  1. жұмыс. Қарын сөлінің сүт белогына әсері


Қарын сөлінің құрамында сүт белогын ірітетін химозин бе- логы бар. Химозин сүт белогына қышқыл және нейтральды ор- тада әсер етеді.


Жұмыстың мақсаты: қарын сөлінің сүтті ұйытуға әсерін бақылау.
Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: штатив, пробирка- лар, спирт шамы, су моншасы, термометр, қарын сөлі, кальций карбонаты, 0,5 % бикарбонат натрий ерітіндісі, сүт, қызыл лак- мус қағазы, стеклограф.
Жұмыстың барысы: қарын сөлінің бір бөлігіне (4-5мл) кальций карбонатын немесе натрий бикарбонатын қоса оты- рып, сілтілік реакцияға жеткізу. Алынған ерітіндіні сүзгіден өткізеді.
Нөмірленген үш пробирка дайындау. №1 пробиркаға 0,5 мл қарын сөлін, №2 және №3 пробиркаларға кальций карбонатымен өңделген (нейтральданған) қарын сөлін құяды. №3 пробирканы су моншасында қайнатады. Барлық пробиркаларға 5-6 мл сүт қосады да 38-40оС температурада су моншасына орналастырады.



Пробир- калар

Пробирканың ішіндегі заттар

Сүттегі өзгерістер

Байқалған өзге-
рістердің себеп- тері

1.

Қышқыл қарын сөлі +










сүт

2.

Нейтральды қарын сө-




лі + сүт

3.

Қайнатылған нейт-




ральды қарын сөлі +




сүт



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет