З. А. Аска- рова, Г. Т. Сраилова, С. С. Маркеева



бет90/116
Дата20.10.2022
өлшемі6,74 Mb.
#154173
түріСабақ
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   116
Байланысты:
Адам және жануарлар физиологиясы бойынша зертханалық сабақтарға жетекші құрал оқу құралы by Аскарова З.А. (z-lib.org)

Жұмысты қорытындылау: алынған пневмограмманың сызба үлгісін дәптерге жабыстырып, оған талдау жасау. Кестеге тыныс алудың жылдамдығы мен тереңдігін жазып көрсетіңіз.
Тәжірибе барысында байқалатын тыныс алу өзгерістерінің ме- ханизмдерін түсіндіріңіз. Мына сұрақтарға жауап қайтарыңыздар:

  1. Тыныс алу үдерісі қандай кезеңдерден тұрады?

  2. Қалыпты жағдайдағы адамдардың тынысалу жиілігі неге

тең?


3-жұмыс. Спирометрия

Тынысты ішке тартып және сыртқа шығарған ауаның көле- мін арнаулы аспап спирометрдің көмегімен өлшейді (50-сурет).





  1. сурет. Спирометрдің құрылысы: 1 – сыртқы цилиндр; 2 – спирометрдің шкаласы; 3 – ішкі цилиндр; 4 – ішкі цилиндрді теңестіруге арналған ауамен толтырылған баллон; 5 – су

Ол бір-біріне кигізілген екі цилиндрлі резервуардан тұрады. Үлкен резервуардың жоғарғы ұшы ашық және сумен толтырыл- ған, екіншісі (кішісі) жабық және суға батырылған. Кіші резер- вуардың салмағы жүкпен теңестірілген. Үлкен цилиндрдің


бүйірлік қабырғасы арқылы түтік өтеді. Түтіктің бір ұшы резер- вуардың ішінде судың деңгейінен жоғары орналасқан, екіншісі сыртқа шығарылып, мундштукпен жалғасқан. Мундштук арқы- лы үрлегенде кіші цилиндр су бетіне қалқып шығады, кіші ци- линдрге бекітілген арнаулы көрсеткіш пен шкала арқылы спиро- метрге түскен ауаның көлемін анықтауға болады.
Спирометрия әдісі бойынша өкпедегі ауа көлемін жіктеп есептеуге болады. Ол жіктеу бойынша мынадай ауа көлемі бел- гілі (51-сурет):

    1. Тыныс алу көлемі (ТАК). Адам қалыпты демалу кезінде ауаның белгілі бір көлемін жұтады және қайта шығарады, оның көлемі – 300-900 мл. Бұл көлем тыныс алу тереңдігінің өлшемі болып есептеледі.

    2. Демді ішке алудың қосымша көлемі (ДАҚК). Қалыпты жағдайда демді ішке тартқаннан кейін қосымша тағы да ауа кө- лемін жұтуға болады, оның көлемі 2000-2500 мл-ге тең. Бұл кө- лем өкпенің қосымша керілу қабілеттілігін анықтайды.

    3. Демді сыртқа шығарудың резервтік көлемі (ДШРК). Қа- лыпты жағдайда демді сыртқа шығарғаннан кейін қосымша тағы да ауа көлемін шығаруға болады, оның мөлшері – 1000-1500 мл.

    4. Қалдық ауа көлемі. Демді барынша шығарғаннан кейінгі өкпеде қалған ауаның мөлшері. Оның көлемі – 1000-1500 мл.

    5. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы (ӨТС). – демді барынша жұтқаннан кейінгі максимальды түрде сыртқа шығарылған ауа- ның көлемі. Ол 3300-4900 мл-ге тең;

    6. Өкпенің жалпы сыйымдылығы. Демді барынша ішке тартқаннан кейінгі өкпеде болатын ауаның мөлшері және ол 4300-6400 мл болады.

    7. Функционалды қалдық көлем (ФҚК). Қалыпты жағдайда демді сыртқа шығарғаннан кейінгі өкпеде қалған ауаның көлемі. Оның мөлшері – 2000-3000 мл.

Бұлардың ішінде тыныс алу көлемі, өкпенің тіршілік сый- ымдылығы мен функционалды қалдық көлемінің тәжірибелік маңызы зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет