З. А. Аска- рова, Г. Т. Сраилова, С. С. Маркеева



бет86/116
Дата20.10.2022
өлшемі6,74 Mb.
#154173
түріСабақ
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   116
Байланысты:
Адам және жануарлар физиологиясы бойынша зертханалық сабақтарға жетекші құрал оқу құралы by Аскарова З.А. (z-lib.org)
Комп.мод. тест, Комп.мод. тест, Контент Констурк, Контент Констурк, stud.kz-9761, Экология Оқулық Алматы Адам және оны қоршап тұрған орта, Физикалық химия Оқулық Алматы Физикалық химия, Сізді сергітетін кеңестер, Омаров-начало, Диссертация Бергенбек Қазына, Диссертация Бергенбек Қазына, Дюсенбаева Т, 1-курс.Расп бак 2019-2020 2-сем., тест Квуант, тест Квуант
46-сурет. Тыныс алуға әсер ететін факторлар

Тірі ағзаның тіршілік етуіне қажет аса маңызды қызметті белгілі бір орталықтар реттеп отырады. Тыныс алу – осы қыз- меттің бірі. Тыныс алудың жиілігі, тереңдігі оттегінің адамға қа- жет мөлшеріне және қандағы көмір қышқыл газ деңгейіне сәй- кес өзгеріп отырады. Бұл сәйкестілік жүйке жүйесі арқылы рет- теледі. Демек, тыныс алу үдерісін реттейтін нейрондар тобы (тыныс алу орталығы) сопақша мида орналасқан. Тыныс алу ор- талығының үстіңгі, артқы (дорзалды) жағында ромба ойығының төменгі бұрышына жақын көбінесе инспирациялық, ал астыңғы бауыр (вентрал) жағында экспирациялық және аздаған инспира- циялық нейрондар орналасқан. Тыныс орталығының инспира- циялық және экспирациялық бөлімдері арасында реципроктық (кері) қарым-қатынасы бар. Инспирациялық бөлім қозған сәтте


экспирациялық бөлім тежеледі. Экспирациялық бөлім қозса, ке- рісінше, инспирациялық бөлімінің жұмысы тежеледі. Осы екі бөлімнің қызмет механизмі туралы әртүрлі пікірлер бар. Солар- дың бірі – Варолий көпіршесінде орналасқан пневмотаксикалық тыныс алу орталығының қызметі. Пневмотаксикалық орталық демалу және демшығару кезеңдерінің белгілі бір кезекпен ретте- луін қадағалап отырады.
Орталық тыныс алу механизмі демді ішке тарту мен сыртқа шығару ырғақтылығының кезектесіп келуін қамтамасыз етіп қа- на қоймай, тыныс алудың тереңдігі мен жиілігін өзгерте оты- рып, өкпе вентиляциясын ағзаның қажеттілігіне қарай бейімдей алады. Атмосфералық ауаның құрамы мен қысымы, қоршаған ортаның температурасы, дене еңбегі кезіндегі ағза жағдайының өзгеруі, эмоционалдық қозу және т.б. осы сияқты сыртқы орта- ның факторлары зат алмасу қарқындылығына әсер ете отырып, әсіресе оттегі пайдалану мен көмірқышқыл газын бөлу үдерісіне ықпал ете отырып, тыныс алу орталығының функционалды жағдайына да әсер етеді.
Басқа да физиологиялық үдерістердің реттелуі сияқты тыныс алудың реттелуі де кері байланыс принципі бойынша жүзеге асы- рылады. Себебі ағзаны оттегімен қамтамасыз етіп, онда түзілген көмірқышқыл газының денеден шығарылуын реттейтін орталық тыныс алу механизмінің қызметі өзі реттейтін үдерістердің физи- ологиялық жағдайымен анықталады. Қанда көмірқышқылдың жинақталуы және оттегінің жетіспеушілігі орталық тыныс алу механизмін қоздырушы фактор болып есептеледі.
Демді ішке алу, шығару, тыныс алу еттерінің жиырылуы ар- қылы іске асырылатыны белгілі. Тыныс алу еттерін жиырылта- тын жүйке нейрондары жұлын мен ми құрамына кіреді: диаф- рагмалық жүйке нейрондары жұлынның III-IV мойын сегменті- нің алдыңғы ашасында, ал қабырғааралық еттердің жүйке жасу- шалары жұлынның көкірек сегменттерінде орналасқан. Егер жұлын мен мидың түйіскен жерінен көлденең кессе, диафрагма еттері бұрынғысынша жиырыла береді, мұның арқасында тыныс алу тоқтамайды, бірақ қабырғааралық еттер тыныс алу үдерісіне қатыспайды. Демек, бұл тәжірибелер тыныс алу ми мен жұлын арқылы реттелетінін көрсетеді. Адам өз еркімен тынысын
жиілете және тереңдеп алады, тіпті, біразға дейін тоқтата да ала- ды. Бұл да тыныс алу үдерісін реттеуге ми, әсіресе ми қыртысы қатысатынын көрсетеді (47-сурет).


47-сурет. Тыныс алуды реттеу жүйесінің негізгі бөліктері: 1 – орталық механизм, 2 – артериалдық хеморецепторлар (каротидное тело),
3 – бульбарлық химиялық сезімтал аймақтары, 4 – өкпенің механорецептор- лары, 5 – өкпе, 6 – диафрагма, 7 – қабырғааралық еттер





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет