З. А. Аска- рова, Г. Т. Сраилова, С. С. Маркеева



бет83/116
Дата20.10.2022
өлшемі6,74 Mb.
#154173
түріСабақ
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   116
Байланысты:
Адам және жануарлар физиологиясы бойынша зертханалық сабақтарға жетекші құрал оқу құралы by Аскарова З.А. (z-lib.org)
Комп.мод. тест, Комп.мод. тест, Контент Констурк, Контент Констурк, stud.kz-9761, Экология Оқулық Алматы Адам және оны қоршап тұрған орта, Физикалық химия Оқулық Алматы Физикалық химия, Сізді сергітетін кеңестер, Омаров-начало, Диссертация Бергенбек Қазына, Диссертация Бергенбек Қазына, Дюсенбаева Т, 1-курс.Расп бак 2019-2020 2-сем., тест Квуант, тест Квуант
Жұмыстың мақсаты: адамның артериялық қан қысымын өлшеу әдісін меңгеру және негізгі гемодинамикалық көрсеткіш- терді есептеп шығару.
Жұмысқа қажетті заттар: сфигмоманометр, фонендоскоп. Жұмыстың барысы: зерттелуші қырымен отырып, бір қолын үстелге салады. Қолдың қарына манжетканы орап бекі- теді. Системадан ауаның шығуына жол бермеу үшін грушаның винтті клапанын қатты жауып тастайды. Шынтақ буынындағы шынтақ артериясын табады. Содан кейін фонендоскоптың мембранасын соның тұсына қойып тыңдайды (45-сурет). Бұл мезетте еш дыбыс естілмейді. Манжеткаға қысымның шамасы с.б. 150-160 мм-ге дейін жеткенше ауаны жібереміз. Одан кейін ақырын ғана винтті клапанды ашып, манжеткадағы қы- сымды бірте-бірте азайтады. Манжеткадағы қысым тамырдағы қысыммен тең өскенде «туп-туп» деген тамырдың соғу дыбы- сы айқын естіледі. Осы кезде міндетті түрде манометрдің са- нын қарап алу керек. Бұл қысым – қан тамырының максималь- ды қысымы. Қысымды одан әрі төмендеткен сайын, манжетка- дағы дыбыс күшейе түсіп, бірер уақыттансоң жойылып кетеді. Осы кездегі манометрдің көрсеткіші минимальды қысымның шамасына сәйкес келеді. Ал пульстік қысымның мөлшері мак-
симальды қысымнан минимальдық қысымның шамасын алып тастап, табуға болады.
Дене еңбегі кезінде манжетканы манометрден босатады. Зерттелуші 20-30 рет отырып тұрады. Содан кейін тағы да қан қысымын өлшеп алады. Дене еңбегінен кейін қысымның шама- сы және пульстік қысым өзгеретінін байқайды.


45-сурет. Адамның қан қысымын өлшеу


Жұмысты қорытындылау: жұмыстың барысын, алынған қан қысымының көрсеткіштерін дәптерге жазу. Формулалар ар- қылы негізгі гемодинамикалық көрсеткіштерді есептеп шығару. Гипертония, гипотония нені көрсетеді?
Қанның систолалық және минуттық көлемдерін есептеу.
Старр формуласы бойынша қанның систолалық көлемін анықтауға болады:

СК = 100 + (0,5 × ПҚ ) – (0,6 × ДҚ) – (0,6 × А), мл.


СК – қанның систолалық көлемі; ПД – пульстік қысым; ДҚ – диастолалық қысым; А – зерттелушінің жасы.


Келесі формула бойынша қанның минуттық көлемін есеп- теңдер:
ҚМК = СК × ЖСЖ.

ҚМК – қанның минуттық көлемі; СК – қанның систолалық көлемі; ЖСЖ – жүрек соғу жиілігі.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет