Тамыр қабырғасының жүрек жұмысымен байланысты толқын тәрізді тербелістерін тамыр соғу (пульс) деп атайды. Сол жақ қарыншадан систола кезінде қуылған қан қолқаны тербелте керіп, одан әрі бұл толқын артерияларға таралады да, артериолалар мен капиллярларда басылады. Сонымен, жү- рек жұмысына байланысты артерия қабырғасының ырғақты толып-солып отыруын артерия пульсі дейді. Ол тамыр бойы- мен секундына 8-12 м жылдамдықпен тарайды.
Артерия пульсін арнаулы құрал – сфигмографпен зерт- тейді, ал артерия пульсін бейнелейтін қисық сызықты сфиг- мограмма дейді. Жүрек жұмысына байланысты көкірек қуы- сына жақын орналасқан вена тамырлар да толып-солып оты- рады. Оның себебі жүрекшелер жиырылған кезде қуыс вена- лар сағасында орналасқан сақина еттер жиырылып, қан вена- ларда іркіледі де, олардың қуысындағы қысым жоғарылап, қа- бырғалары керіледі. Ал жүрекшелер босаңсыған кезде венада- ғы қан олардың қуысына құйылады да, венадағы қысым тө- мендеп, олардың қабырғалары солады. Бұл құбылысты вена пульсі дейді. Вена пульсін флебограф деген аспаппен зерттей- ді. Вена пульсін бейнелейтін сызықты флебограмма дейді.
Пульсті зерттеу арқылы жүректің жұмысы, жиырылу кү- ші, ырғағы, жүрек қақпақшаларының жағдайы, тамыр тонусы, т.б. жайлы құнды деректер алуға болады.
жұмыс. Адамның қан қысымын өлшеу
Қалыпты жағдайларда адамның артерияларындағы макси- мальды қысым сынап бағанасы бойынша 100-120 мм-ге, ал ми- нимальды қысым 60-80 мм-ге дейін жетеді. Ал артерия тамы-
рында максимальды және минимальды қысымдардың айырма- шылығы жүректің жиырылу күшін сипаттайтын пульстік қы- сымды немесе қан қысымының амплитудасын көрсетеді. Пульс- тік қысымның орташа мәні сынап бағанасы бойынша 35-40 мм болады. Артериялық қан қысымын сфигмоманометр деген ар- найы аспаппен өлшейді. Сфигмоманометр 3 бөлімнен тұрады: а) қапталған қуысты резеңке манжеткадан; ә) ауаны тек бір ба- ғытта өткізетін клапаны бар резеңке грушадан; б) манжетканың ішіндегі қысымды өлшеуге арналған сынапты манометрден. Осы бөлімдердің барлығы бір-бірімен резеңке түтікшелер арқы- лы герметикалы жалғасқан.
Жалпы, қан қысымын көпшілікке танымал Коротковтың аускультациялық әдісімен өлшейді. Бұл әдіске сүйене отырып, максимальды және минимальды қан қысымын анықтауға бола- ды. Бұл әдіс қан тамырдың қабырғасына соғылғанда пайда бола- тын дыбыстарды тыңдауға негізделген.
Достарыңызбен бөлісу: |