З. А. Аска- рова, Г. Т. Сраилова, С. С. Маркеева



бет85/116
Дата20.10.2022
өлшемі6,74 Mb.
#154173
түріСабақ
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   116
Байланысты:
Адам және жануарлар физиологиясы бойынша зертханалық сабақтарға жетекші құрал оқу құралы by Аскарова З.А. (z-lib.org)
Комп.мод. тест, Комп.мод. тест, Контент Констурк, Контент Констурк, stud.kz-9761, Экология Оқулық Алматы Адам және оны қоршап тұрған орта, Физикалық химия Оқулық Алматы Физикалық химия, Сізді сергітетін кеңестер, Омаров-начало, Диссертация Бергенбек Қазына, Диссертация Бергенбек Қазына, Дюсенбаева Т, 1-курс.Расп бак 2019-2020 2-сем., тест Квуант, тест Квуант
6-тарау
ТЫНЫС АЛУ ФИЗИОЛОГИЯСЫ


Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Тыныс алу жүйесінің құрылысы мен қызметі.

  2. Дем алудың және дем шығарудың механизмі.

  3. Тыныс алу бұлшық еттерінің қызметі (инспирациялық, экспирация- лық, көмекші).

  4. Плевралық қуыс қысымының маңызы.

  5. Өкпенің жалпы сыйымдылығы.

  6. Тыныстың минуттық көлемі.

  7. «Өлі» кеңістіктің маңызы.

  8. Өкпедегі газ алмасуы.

  9. Ұлпадағы газ алмасуы.

  10. Тыныс алу орталығы.

  11. Тыныс алудың нейро-гуморальды реттелуі.

  12. Тыныс алу коэффициенті.

  13. Гипоксия және гипероксия.

  14. Гипокапния және гиперкапния.

  15. Әртүрлі жағдайдағы тыныс алудың ерекшеліктері.

Тыныс алу жүйесі мүшелер мен ұлпаларға қоршаған ор- тадан оттегін жеткізіп, көмір қышқыл газын сыртқа бөліп шы- ғаруды қамтамасыз етеді. Сыртқы тыныс алу, яғни газдардың ауадан өкпеге өтуі, өкпеден қайта атмосфераға шығарылуы екі кезеңнен: демалу (инспирация) және демшығарудан (экс- пирация) тұрады. Инспирация мен экспирация тірі ағзада өза- ра жымдасып үйлесім тапқан, өмір бойы бірінен соң бірі бел- гілі бір ырғақпен алмасып отырады. Тыныс алу үдерісінің нә- тижесінде ағзаға түскен оттегі клеткаларға жеткізіліп, онда ол


биохимиялық реакцияларға қатысады. Аталған үдеріс мына тәр- тіпте орындалады:
Сыртқы тыныс алу – ауадағы газдарды (атмосферадан) өк- пеге әкеліп, өкпеден қайтадан атмосфераға шығарып тұру.
1. Өкпе көпіршіктеріндегі (альвеолалардағы) газдар мен қан құрамындағы газдардың алмасуы.

  1. Газдардың өкпеден ұлпаға, ұлпадан өкпеге қан ағыны- мен тасымалдануы.

  2. Ұлпа мен қан арасындағы газ алмасуы.

  3. Ішкі тыныс алу – клетка құрамындағы органикалық зат- тардың тотығуы.

Бұл – биохимиялық үдеріс. Тыныс алудың алғашқы 4 кезе- ңін физиологияда қарастыратын болса, соңғысын биохимия ғы- лымы зерттейді.
Көмір қышқыл газын шығару үдерісі де оттегін пайдалану жүйесіне ұқсас, керісінше жүретін төрт үдеріс арқылы жүзеге асырылады.
Бірінші және екінші кезеңдері өкпелік немесе сыртқы тыныс алу деп аталады. Ал үшінші кезеңін қан арқылы газдардың тасы- малдануы десе, төртіншісін тканьдік (ішкі) тыныс алу деп атайды.
Газдарды тасымалдау тізбегіндегі алғашқы буын өкпе венти- ляциясы. Альвеолдар мен қан арасындағы газдар алмасуы аэроге- матикалық, ал ұлпалар мен қан арасындағы гематопаренхиматоз- дық кедергілерге ұқсас, кедергінің екі жағындағы оттегі мен көмір қышқыл газының меншіктік қысым күйіне байланысты диффуздық жолымен орындалады. Оттегінің басым бөлігі қандағы эритроцит- тердің құрамында болатын гемоглобин арқылы, ал көмір қышқыл газы гидрокарбонат және карбамингемоглобин түрінде тасымал- данады. Өкпедегі көмірқышқыл газын шығарудың нәтижесінде қанның оттегімен байланысқа түсуі жеңілденеді, көмірқышқыл га- зы ұлпалардан қанға өту арқылы оттегін беруді жеңілдетеді. Атал- ған үдерістердің бәрі ең соңында ұлпа клеткаларындағы оттегі кер- неуінің тұрақты сақталуына бағытталған.
Өкпе вентиляциясын қамтамасыз ететін тыныс алу еттері- нің үйлесімді жиырулары, тыныс алудың орталық механизмі – ми бағанасындағы арнаулы нейрондар құрылымдары арқылы басқарылады. Аталған механизмнің ырғақтылық әрекеті демді
ішке тарту барысындағы инспираторлық нейрондар активтілігі- нің артуы мен тыныс алудың соңындағы олардың ажырау үде- рістерінен тұрады. Бұл белсенділік мидағы клеткалардан тыс сұйықтықтағы сутегі иондарының концентрациясы мен көмір- қышқыл газының кернеуіне сезімтал, бульбарлық хеморецеп- торлардан және осы факторлармен қатар, оттегі кернеуіне сезім- тал артериялық хеморецепторлардан шығатын серпімділікпен анықталады. Артерия қанында газ құрамының тұрақтылығы да осындай жолмен белгілі деңгейде тұрақты болады. Тыныс алу жүйесіндегі механорецепторларды, әсіресе өкпе ұлпаларын со- затын рецепторларды үдету демді ішке тартуды дер кезінде тоқ- татып, оның сыртқа шығарылуын қамтамасыз етеді. Нәтижесін- де тыныс алу еттері энергияны аз мөлшерде шығындай отырып, қажетті газ алмасуын қамтамасыз етуге бағытталған тыныс алу паттерні қалыптасады (46- сурет).
Физиология ғылымының тағы да бір басты міндеті – сырт- қы тыныс алу функциясын зерттеу. Ал тыныс алудың ішкі меха- низмін зерттеу – биохимияның міндеті.
Сыртқы тыныс алу қарқындылығын сипаттайтын көрсет- кіштерді үш топқа бөлуге болады:

  1. Сыртқы ауа – альвеолдар аумағындағы тыныс алуды си- паттайтын көрсеткіштер. Оларға тыныс алу қозғалысының ыр- ғақтылығы, жиілігі мен тереңдігі, тыныс алудың минуттық көле- мі (ТМК), өкпе желдетуі (ОВ), өкпенің тіршілік сыйымдылығы (ӨТС), т.б. жатады.

  2. Альвеолдық ауа – өкпе капиллярларындағы қан аума- ғында тыныс алуды сипаттайтын көрсеткіштер немесе тікелей өкпедегі газ алмасуы.

  3. Қандағы газдардың мөлшерін немесе қан оксигена- циясын сипаттайтын көрсеткіштер.

Адамның тыныс алуы қоршаған ортаның және ағзаның ішкі ортасының өзгерістеріне бейімделеді. Бейімделу жүйке- лік және гуморальды реттелу үдерістері арқылы қамтамасыз етіледі.
Қалыпты жағдайда адамның тыныс алу айналымы – «дем алу»,«дем шығару» минутына 12-16-ға дейін болуы мүмкін. Ты- ныс алудың бұл түрі эйпноэ деп аталады. Сөйлеу және тамақта-
ну кезінде тыныс алу уақытша өзгереді. Бұл апноэ деп аталады. Апноэ – дем алғанда немесе демді шығарғанда тыныс алудың тоқтауы. Физикалық, еңбек жүктемелері кезінде оттегіні көп пайдаланудан, гиперпноэні байқауға болады, басқаша айтқанда, тыныс алудың тереңдігі мен жиілігі артады. Адам ұйықтағанда да тыныс алу паттерні өзгереді: баяу (ортодоксалды) ұйқы кезе- ңінде тыныс алу сирек және тыныс алу қозғалыстарының амп- литудасы төмен болып келеді, ал парадоксалды кезеңінде бұл көрсеткіштер ұлғаяды.


Ноцицептивті рецепторлар
Клеткааралық Дене температурасы
сұйықтықтағы
газдардың Гормондар
парциалдық қысымы Терідегі терморецепторлар

Хеморецепторлар Барорецепторлар


Созылу рецепторлар Механорецепторлар




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет