З. А. Аска- рова, Г. Т. Сраилова, С. С. Маркеева



бет76/116
Дата20.10.2022
өлшемі6,74 Mb.
#154173
түріСабақ
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   116
Байланысты:
Адам және жануарлар физиологиясы бойынша зертханалық сабақтарға жетекші құрал оқу құралы by Аскарова З.А. (z-lib.org)

Жұмысты қорытындылау: жұмыс мазмұнын көшіріп жазу. Қалыпты жағдайда және тітіркендіргеннен кейінгі 1 минут жүрек соғысын белгілеу. Тітіркендірудің рефлекторлық доғасын сызу.


    1. жұмыс. Вагосимпатикалық жүйкенің бақаның жүрегіне әсері




Жұмыстың мақсаты: вагосимпатикалық жүйкенің бақа жүрегіне әсерін бақылау.
Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: бақа, хирургиялық құрал-саймандар жиынтығы, финдер инесі, электростимулятор.
Жұмыстың барысы: қимылсыздандырылған бақаны шал- қайтып тақтайшаға бекітіп жүрегін перикардтан босатып, үзбе- сін кеседі. Алдымен, кестеге қарап жүйке талшықтарының орна- ласуымен танысу қажет. Бақаның алдыңғы оң аяғын төмен, шет жаққа қарай тартады да, жақ пен жүректің бұрышындағы бұл- шық еттер мен шандырларды кеседі. Сонда қолтық астындағы бұлшық еттер және олардың арасында жатқан тіл асты, тіл жұт- қыншақ жүйкелері айқын көрінеді. Осы екі жүйкеден сәл төмен- гі жағында қан тамырларымен жүйкелер будасы орналасады. Олардың арасында жүректің кезеген жүйкесі өтеді. Ол жүйкенің
астында лигатура өткізіледі. Жүректің 1 минутта соғу жиілігі са- налады. Лигатураны көтеріңкіреп электростимулятордың электродтары арқылы жүйкені тітіркендіреді. Электр тогының күші орташа болу керек. Қайтадан жүректің соғу жиілігін санап, оның азайғанын байқайды. Егер ток күші көбейтілсе жүрек диастола кезінде тоқтап қалады. Тітіркендіру тоқталған соң жү- ректің соғуы бұрынғы қалпына келеді.
Жұмысты қорытындылау: вагосимпатикалық жүйкенің топографиясының сызбасын салыңыздар. Кезеген және симпа- тикалық жүйкелердің жүрек жұмысына әсер етуін көрсететін кардиограмманың сызбасын салып, қорытынды шығарыңыздар.
Кезеген және симпатикалық жүйкелердің жүрек қызметіне әсері қандай?


    1. жұмыс. Жүрек қызметінің гуморальды реттелуі


Жүрек қызметі жүйке жүйесімен қатар қанда болатын кей- бір заттар арқылы гуморальды түрде реттеліп отырады. Жүрек- тің жұмысын қан құрамында айналып жүрген бірнеше биоло- гиялық активті заттардың әсерінен өзгеретіндігін байқауға бо- лады.


Катехоламиндер (адреналин, норадреналин) жүректің жиырылу ырғағын күшейтіп және жиілетіп отырады. Оның аса маңызды биологиялық рөлі бар. Мысалы, кенеттен физикалық жүктеме түскенде немесе көңіл күй жағдайы өзгерсе (қорық- қанда, қуанғанда), бүйрек үсті безінің сұр қабатынан көп мөл- шерде адреналин қанға келіп түседі. Соның нәтижесінде жүрек жұмысы аяқ астынан күшейеді. Бұл айтылған эффектің болуы катехоламиндердің миокардтың β-рецепторларына әсерін тигі- зеді. Соның нәтижесінде 3,5 циклді аденозинмонофосфаттың пайда болу реакциясын тездетеді. цАМФ өз кезегінде фосфо- рилазаның белсенділігін күшейтетін клетка ішіндегі гликоген- нің ыдырауына және глюкозаның түзілуіне жағдай жасайды (бұл – миокард үшін энергия көзі). Сонымен қатар катехола- миндер Са++ ионы үшін клетка мембранасына өтуін жоғарыла- тады. Гормон ангиотензин және серотонин миокардтың жиы- рылуын күшейтеді. Тироксин жүрек ырғағын жиілетеді.
Жүрекке аса күшті әсер ететін заттардың бірі – адреналин. Адреналиннің әсер ету әрекеті симпатикалық жүйке жүйесінің қызметіне ұқсас болып келеді. Жүрек қызметі әрекетіне кейбір электролиттер де айтарлықтай әсерін тигізе алады. Егер қандағы калий иондарының саны мөлшерден артып кетсе, жүрек қызме- тін нашарлатады, ал одан әрі көбейсе жүрек диастола кезеңінде тоқтап қалады. Кальций иондары керісінше әсер етеді. Егер оның концентрациясы кенет көбейіп кетсе жүрек систола кезе- ңінде тоқтап қалады.
Жүрек қызметіне әртүрлі заттардың тигізетін әсерін байқау үшін Штрауба әдісі бойынша жекеленген жүрек препараты қол- данылады. Жекеленген жүрек препараты жекеленген жүрек қа- рыншасынан тұрады, ал веноздық синус пен жүрекшелер перфу- зиялық қан айналысынан шығарылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет