6 сыныпқа арналған биологиядан тест тапсырмалары І нұсқа



Дата01.05.2017
өлшемі50,09 Kb.
#15337
6 сыныпқа арналған биологиядан тест тапсырмалары

І нұсқа

1. Тірі табиғатты зерттейтін ғылым:

А) География В) Биология С) Химия Д) Экология

2. Қоректенгенде ауаға оттегін бөліп шығарады:

А) Жануарлар В) Адамдар С) Жасыл өсімдіктер Д) Саңырауқұлақтар

3. Жасушаның көбею қызметін атқарады:

А) Пластидтер В) Вакуоль С) Ядро Д) Цитоплазма

4. Шығу тегі, құрылысы, атқаратын қызметі ұқсас жасушалар тобы түзеді:

А) Мүшені В) Мүшелер жүйесін С) Ағзаны Д) Ұлпаны

5. Өсімдік мүшелерінің сыртын қаптап, сыртқы ортаның қолайсыз жағдайынан сақтайды:

А) Жабын ұлпасы В) Негізгі ұлпа С) Түзуші ұлпасы Д) Тірек ұлпасы

6. Жанама тамырлар неден тарайды?

А) сабақтан; В) негізгі тамырдан; С) қосалқы тамырдан; Д) негізгі және қосалқы тамырдан.

7. Өсімдіктің вегетативті мүшелері:

A) Гүл, тұқым, жеміс. B) Тамыр, жеміс. C) Сабақ, гүл. Д) Тамыр, сабақ, жапырақ.

8. Өркен-бұл:

А) түрі өзгерген сабақ; В) жапырағы және бүршігі бар сабақ; С) гүлі бар сабақ;

Д) жапырағы бар сабақ.

9. Жылдық сақиналар ... түзіледі.

А) камбий жасушаларынан; В) өзек жасушаларынан; С) қабық жасушаларынан;

Д) сүрек жасушаларынан.

10. Органикалық заттар сабақтың қай бөлігінде қозғалады?

А) қабықшада; В) сүректе; С) флоэмада; Д) камбийде.

11. Гүл дегеніміз:

A) Көбею мүшесі. B) Жасушалар жиынтығы. C) Өсімді мүше. Д) Фотосинтезге қатысатын мүше

12. Органикалық тыңайтқышқа жатпайды:

A) Азот B) Қарашірік. С) Шымтезек Д) Құс саңғырығы

13. Тұқымы су арқылы таралатын өсімдік:

A) Бақбақ. B) Ошаған. C) Долана. Д) Тұңғиық.



14. Спора арқылы көбейетін өсімдік:

A)Шырмауық. B) Алма. C) Қырықжапырақ. Д) Бидай.






15.Хламидомонада жасушасының сыртын қаптайтын:

A) Талшықтар. B) Қабықша. C) Хроматофор. Д) Кірпікшелер.

16. Биіктігі 50 метрге жететін балдыр:

A) Улотрикс. B) Хлорелла. C) Қызыл балдыр. Д) Ламинария.

17. Мүктердің көбеюі:

A) Ризоид арқылы B) Тұқым арқылы C) Тамыр арқылы D) Спора арқылы

18. Шымтезек мүгінің құрылысы:

A) Ризоид, сабақ, жапырақ. B) Ризоид, сабақ. C) Тамыр, сабақ, жапырақ. Д) Гүл, жеміс, тұқым.

19. Сабағы буын және буынаралықтан тұрытын өсімдік

A) қырықбуын. B) қысқарған сабақ C) қырықжапырақ. D) сорустар

20. Сүрек дегеніміз не?

А) аталық бүрі мен аналық бүрі бір өсімдікте орналасқан. В) өсімдіктердің ең ежелгі тобы.

С) ағаш діңінің су өткізгіш бөлігі Д) жұмсақ, шар тәрізді, жидекке ұқсас болады.

21. Кәдімгі қарағай




22. Жемісі қауашақты өсімдік:

A) Алма, алмұрт B) Асбұршақ, соя. C) Шие, тұшала. Д) Сасық меңдуана, шегіргүл.


А )бір үйлі өсімдік В) екі үйлі өсімдік С) ағаш сабағы Д) ағаш дінінің су өткізгіштігі

23. Зеравшан аршасы жеміс беретін жыл

А) 10 В) 30 С) 50 Д) 40

24. Ашық тұқымдылардың тұқымдары дамитын орын

А) Жеміс В) Тұқым С) Спора Д) Бүр

25. Бір гүлдің аталық тозаңының сол гүлдің аналығының аузына түсуі

А) Өздігінен тозаңдану В) Айқас тозаңдану С) Ұрықтану Д) Жынысты көбею


6 сыныпқа арналған биологиядан тест тапсырмалары

ІІ нұсқа
1. Өсімдіктер әлемін зерттейтін ғылым:

А) ботаника    В) зоология   С) биология  D) цитология

2. Микроскопты ойлап тапқан:

А) К.А.Тимирязев В) Янсендер С) Р.Броун Д) Р.Гук

3. Жасуша дегеніміз:

A) Ағзаның ең кіші бөлшегі. B) Органоид. C) Ұлпа. D) Жеміс.

4. Өсімдіктерге түс беретін органоид:

A) Қабықша. B) Цитоплазма. C) Ядро. D) Пластид.

5. Жапырақ тақталарының керіліп, дауыл соқса да төтеп беруі байланысты:

А) Жабын ұлпа В) Тірек ұлпа С) Түзуші ұлпа Д) Өткізгіш ұлпа

6. Қосалқы тамыр неден тарайды?

А) сабақтан В) жапырақтан С) жанама тамырдан Д) сабақ пен жапырақтан

7. Өсімдіктің генеративті мүшелері:

A) Гүл, тұқым, жеміс. B) Тамыр, жеміс. C) Сабақ, гүл. D) Тамыр, сабақ, жапырақ.

8. Жапырағы мен бүршігі бар бұтақтанбаған жас сабақ қалай аталады.

А) бүршік В) өркен С) сабақ Д) жапырақ

9. Камбий қайда орналасады?

А)Сүрек пен тоз арасында; В) сүрек пен өзектің арасында; С) қабық пен өң арасында;

Д) өң мен тоз арасында.

10. Су және минералды заттарды ... тасымалдайды.

А) сүрек тамырлары; В) қабық жасушалары; С) сүзгілі түтікшелер;

Д) камбий жасушалары.

11. Жіпшеден және тозаңқаптан тұрады:

а )гүлсағақ ә)күлте б)аталық в)аналық

12. Минералды тыңайтқыш:

А) фосфор В) қи С) құс саңғырығы Д) қара шірік

13. Тұқымы жел арқылы таралатын өсімдік:

А) қоға В) шоңайна С) бақбақ Д) шетен

14. Споралар арқылы көбейетін өсімдік:

A) Бегония B) Мүк C) Бидай D) Алқа

15. Денесі бір ғана жасушадан тұратын балдыр:

A) Қызыл балдыр B) Спирогира C) Хламидомонада D) Ламинария

16. Барлық гүлді өсімдіктер екі үлкен класқа біріктіріледі:

A) даражарнақтылар және қосжарнақтылар B) ашықтұқымдылар және жабықтұқымдылар

C) орамжапырақгүлділер (шаршыгүлділер) және күрделігүлділер D) астық тұқымдастар және алқатұқымдастар

17. Қырықбуындар өсетін жер –

А) Құрғақ жерлерде В) Барлық ылғалды жерлерде С) Тас бетінде Д) суда

18. Тұқымдары қорғанышсыз, қабыршақта, бүрде ашық орналасатын өсімдіктер қалай аталады?

А) Жабық тұқымды өсімдіктер В) Плаундар С) Қырықжапырақтәрізділер

Д) Ашық тұқымды өсімдіктер

19. Жапырақ тақтасын сабақпен жалғастырады:

A) Тостағанша. B) Күлте. C) Сағақ. D) Қабық.

20. Астық тұқымдас өсімдіктер тамыры:

A) Жанама B) Кіндік C) Негізгі D) Шашақ

21. Сүйекті-шырынды жемісі бар өсімдік-

A) Күнбағыс B) Бидай C) Жаңғақ D) Алхор

22. Қылқан жапырақты өсімдік

A) Сексеуіл B) Арша C) Тобылғы D) Қайың

23. Қағаз алуға қолданылады

A) Шырша B) Самырсын C) Қайың D) Балқарағай

24. Плаунның спораларын неге пайдаланады?

А) Бояу алуға В) Әтір алуға С) Тамаққа Д) Дәріге



25. Жүйенің ең кіші бірлігі:

А) Бөлім В) Түр С) Тұқымдас Д) Туыс

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет