З. А. Аска- рова, Г. Т. Сраилова, С. С. Маркеева


Қозуды екі бағытта өткізу



бет17/116
Дата20.10.2022
өлшемі6,74 Mb.
#154173
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   116
Байланысты:
Адам және жануарлар физиологиясы бойынша зертханалық сабақтарға жетекші құрал оқу құралы by Аскарова З.А. (z-lib.org)

Қозуды екі бағытта өткізу. Жүйке талшығы қозуды екі ба- ғытта да өткізе алады. Бұл заңдылықты 1877 жылы өз тәжірибе- сінде орыс гистологы және физиологы А.И. Бабухин дәлелдеген.
Қозуды оқшауланған түрде өткізу. Жүйке бағаналары, әдетте көптеген жүйке талшықтарынан құралған. Онда қоз- ғалтқыш, сезгіш және вегетавтивтік жүйке талшықтары бола- ды, бірақ оның әрбіреуінен өтетін әсер ету потенциалы көрші- лестерге өтпейді. Мұндай жүйке талшықтарының ерекшелігі келесілерге негізделеді: жеке жүйке талшықтары мен олардың шоқтарын қоршап тұратын қабықтың болуымен (нәтижесінде қозу бір талшықтан екінші талшыққа өтпейді); жасуша ара- лық сұйықтықтың қарсы тұруы (талшықтар арасындағы сұй- ықтық аксондардың мембраналарына қарағанда токқа аз тос- қауыл қояды, сондықтан ток талшықтар арасындағы кеңістік- терде ашылып көршілес талшықтарға жетпейді). Осыған орай, бір жүйке өзіндегі әртүрлі талшықтар арқылы әртекті шеткі мүшелерге импульстерді жеткізіп, олардың қызметін өзгерте- ді. Мәселен, кезеген жүйке көкірек қуысындағы барлық мү- шелерді, құрсақ қуысындағы көптеген мүшелерді жабдық- тайды.
Жүйке талшығының салыстырмалы қажымайтынды- ғы. Егер жүйке-ет препаратын ұзақ уақыт ырғақты тітіркендір- сек, біраздан кейін ет шаршап, жиырылуын тоқтатады, ал жүйке қозу өткізу қабілетін жоғалтпайды. Бұл қасиетті 1883 жылы Н.Е. Введенский байқаған.


      1. жұмыс. Қозудың жүйке бойымен екі бағытта қозғалуы


Қозуды екі бағытта өткізу – жүйке талшығының негізгі қа- сиеттерінің бірі. Бұл тәжірибені бақа аяғынан жасалған препа- раттан жақсы байқауға болады.


Жұмыстың мақсаты: тәжірибе жағдайында жүйке арқылы қозудың екі бағытта таралуын бақылау.
Жұмыстың барысы: жүйке-бұлшық ет препаратынан ұзындығы бір сантиметрдей болатын аумақтан жүйкені аршып, айнала ұлпалардан тазалайды. Сирақ пен сан тек жүйке арқылы ғана байланысатындай етіп, аршылған жүйкенің екі жағындағы қоршаған еттерді сүйекпен бірге кеседі. Препаратты шыны пластинканың үстіне қойып, жүйкені электр тогымен тітіркен-
дірсе, жүйкенің екі жағындағы еттердің жиырылуларын бай- қауға болады (13-сурет).


I


  1. сурет. Жүйке-бұлшық ет препаратының жалпы көрінісі (I); қозудың миелинсіз

(II) және миелинді (III) жүйке бойымен екі бағытта таралуын дәлелдейтін сызба




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет