Кері байланыс принципі. Кері байланыстар үдерістерінің маңызына айрықша мән бергендерінің бірі Н.А. Бернштейн бол- ды. Ол физиологиялық үдерістердің өздігінен реттелу механизм- дерін зерттеу барысында рефректорлық реакциялар орындалу үшін «рефректорлық шеңбер» керек, ал бұл «шеңбердің» маңы- зы звеноларының бірі «кері байланыстар» деп есептеледі. Кері байланыс рефлекторлық реакцияны бағалауға, қателік кетсе әр уақыт үзіндісінде түзету ендіруге мүмкіндік береді.
ОРТАЛЫҚ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚОЗУ
Қозу жүйке клеткасының деполяризациясының нәтижесі болып табылады, ол натрий мен кальцийдің иондарына мембра- на өткізгіштігінің жоғарылауымен немесе калий және хлор ион- дары үшін өткізгіштігінің төмендеуімен байланысты болуы мүмкін. ОЖЖ-дағы қозудың таралу ерекшеліктері: суммация, конвергенция, реверберация, иррадиация, қозудың тек бір жаққа таралуы – рецептордан аралас нейрондар арқылы эффекторға.
Жүйке орталықтарындағы қозудың суммациясы физиоло- гиялық реакцияны дамытады, егер жеке қоздыратын әсерлердің күші айтарлықтай қозу табалдырығынан төмен болса, бірақ мұн- дай импульстердің уақытша және кеңістік жинақталуы эффек- торлы клетканың қозуын тудырады. Жүйке орталықтарының функционалды лабильділігіне және иннервацияланатын жұмыс- шы мүшелерге сәйкес келетін тітіркену ырғағын белгілі бір қозу ырғағына трансформациялау нәтижесінде ОЖЖ пессимумның (пессимальды тежеу) пайда болуының алдын алады.
Иррадиацияның қасиеті нәтижесінде жүйке орталығына тү- сетін әрбір жеке жүйке талшығының қозуы импульстер арқылы орталықтан көптеп шығатын талшықтарға таралады. Жүйке ор- талықтарының интегративті іс-әрекетін қамтамасыз ететін кон- вергенция қасиеті.
Аралас нейрондар жүйесіндегі импульстердің созылмалы айналымымен байланысты реверберация қасиеті афферентті қо- зудың қасиеттерінің уақытша сақталуын қамтамасыз етеді.
ОРТАЛЫҚ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТЕЖЕЛУ
Тежелу – қозуды басатын немесе әлсірететін белсенді жүй- келік үдеріс; белгілі бір әрекеттің бәсеңдеуі немесе тоқтауымен сипатталатын құрылымдардың ерекше биологиялық күйі. Теже- лу шеткі мүшелерге де, орталық жүйке жүйесіне де тән. Орта- лық жүйке жүйесіндегі тежелу үдерісін алғаш рет И.М. Сеченов ашқан (1862 ж.), физиологияда мұны Сеченов тежелуі деп атай- ды. Тежелу үдерістерінің негізгі мағынасы ОЖЖ реттеуші рөлін жүзеге асыруына мүмкіндік жасайтын қозу үдерісіне шек қоюы-
нан тұрады. Екінші мағынасы – қорғаушы (ОЖЖ шамадан тыс қозудан қорғайды). Механизмі жағынан пресинапстық және постсинапстық тежелуді ажыратады (15-сурет).
15-сурет. Пресинапстық және постсинапстық тежелу
Пресинапстық тежелу жағдайында тежелу нейроны қозды- ратын нейрон аксонның терминалдарында аксо-аксондық сина- псты түзеді. Бұл күйдегі тежелудің медиаторы ретінде ГАМҚ болады (гамма-аминмай қышқылы). ГАМҚ-лы постсинапстық мембрананың хлор анионына өткізгіштігін күшейтіп деполяри- зациялайды. Бұл деполяризация әрекет потенциалын азайтады, постсинапстық мембрана кальций катиондарын өткізбейтін бо- лады, ұзақ деполяризациясы потенциалға тәуелді натрий канал- дарының инактивациясына әкеледі. Нәтижесінде қозуы мен өт- кізгіштігі төмендейді.
Постсинапстық тежелу кезінде бір нейронда қоздыратын және тежейтін нейрондардан келіп түскен импульстер жиналады. Теже- лу медиаторының бөлінуі (мысалы, глицин) постсинапстық мемб- ранадан калий катиондарын сыртқа шығарумен қатар хлор анион- дарының ішке өтуін күшейтеді де, постсинапстық мембранада ги- перполяризацияны тудырады немесе постсинапстық тежеуші по-
тенциал пайда болады. Мұның салдарынан нейронның қозғыштық қабілеті төмендейді, оның қозуына кедергі туады.
Достарыңызбен бөлісу: |