Жұмыстың мақсаты: рефлекстерді Тюрк тәсілі бойынша анықтай отырып, олардың пайда болу уақытының тітіркендір- гіштер күшіне тікелей тәуелді екеніне көз жеткізу.
Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: хирургиялы құрал- саймандар жиынтығы, штатив, күкірт қышқылы ерітіндісі (0,1%, 0,2%, 0,3%, 0,5%, 1,0%), су, бес медициналық стакан, секундо- мер, мақта. Тәжірибе бақамен орындалады.
Жұмыстың барысы: жұлыны сақталған, бас миы бұзылған бақаны кимографтың ілмегіне астыңғы жағы арқылы қыстыра- ды. Тәжірибені бас миын бұзып, 10-15 минут өткеннен соң бас- тау керек. Артқы бір аяғын 0,1% күкірт қышқылы бар стаканға батыра отырып, қорғаныс рефлексі пайда болу уақытын анық- тайды. Одан кейін ол аяқты бірнеше қайтара сумен жуады да, бұл тәжірибені 2-3 минуттан кейін үш рет қайталап, орташа көр- сеткішті алады.
Осы әдісті 0,2%, 0,3%, 0,5% және 1,0% күкірт қышқылы ерітіндісімен қайталайды. Қышқылдың деңгейі барлық стаканда бірдей болуы керек және әрбір тәжірибеден кейін бақаның ая- ғын сумен бірнеше рет қайтара жуып отыру қажет (17-сурет).