З. А. Аска- рова, Г. Т. Сраилова, С. С. Маркеева



бет23/116
Дата20.10.2022
өлшемі6,74 Mb.
#154173
түріСабақ
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   116
Байланысты:
Адам және жануарлар физиологиясы бойынша зертханалық сабақтарға жетекші құрал оқу құралы by Аскарова З.А. (z-lib.org)

Жүйке орталықтарындағы суммация. Уақыт бойынша суммация және кеңістік суммация болып бөлінеді.
Уақыт бойынша суммация бір синапс шегінде ғана жүруі мүм- кін. Оның негізінде қоздыратын постсинапстық потенциал (ҚПСП) немесе тежейтін постсинапстық потенциалдардың (ТПСП) жиынты- ғы жатыр. Тек қозу немесе тек тежеу ғана суммацияланады.
Кеңістік суммациясы бірнеше синапстардың – қоздыратын постсинапстық және тежейтін постсинапстық потенциалдардың жиынтығынан құралады. Қозу, тежелу және қозу мен тежелу де бірге суммациялануы мүмкін.
Конвергенция, окклюзия және жеңілдену құбылыстары. Орталық жүйке жүйесіндегі бір нейронда әртүрлі жолдармен жүретін импульстер тоғыса алады. Осыны конвергенция құбы- лысы деп атайды. Әртүрлі талшықтардағы импульстердің бір нейронда тоғысуы кезінде олардың әлсіреуі де (окклюзия), кү- шеюі де (жеңілдену) мүмкін. Окклюзия кезінде, мысалы, екі аф- ференттік талшық арқылы бір мезгілде жүйке орталығындағы бір немесе бірнеше нейрондарға жететін импульстер тудыратын эффект сол афференттік талшықтарды жеке-жеке тітіркендірген- де туатын эффектілердің қосындысынан аз болады. Жеңілдену – бұған кері құбылыс. Әртүрлі жүйке жолдары арқылы импульс- тер 2 не 3 нейронға бір мезгілде жеткенде пайда болатын эффек- тілердің қосындысынан артық болады.


ОЖЖ ЖҰМЫС ҚЫЗМЕТ ЕТУДIҢ ҮЙЛЕСТIРЕТIН ҰСТАНЫМДАРЫ


Көптеген мүшелердің қызметтерін біріктіріп, байланысты- рып, сыртқы ортаның әсеріне бейімделуін орталық жүйке жүйе-


сінде ағзаның қызметтерінің үйлестірілуі дейді. Орталық жүйке жүйесінің рефлекторлы реакцияларды үйлестіруі қозу мен теже- лудің бір-бірімен байланысына және олардың қасиеттеріне не- гізделген. Координацияның жалпы заңдылықтары немесе прин- циптері айқындалған.
Жалпы ақырғы жол принципі. Бұл принципті ағылшын физиологы Ч. Шеррингтон қалыптастырған. Әртүрлі көптеген афференттік талшықтар арқылы орталық жүйке жүйесіне келе- тін импульстер 1 ғана қондырма немесе эфференттік нейрондар- ға тоғысуы (берілуі) мүмкін. Бұл принцип эфференттік нейрон- дардан афференттік нейрондар санының әлде қайда көп екенді- гімен түсіндіріледі, сондықтан афференттік нейрондар эффе- ренттік және аралық нейрондардың денелері мен дендриттерін- де көптеген синапстарды түзеді. Ақырғы жол әртүрлі рефлекс- тердің орындалуына қатынаса алады және ағзадағы кез келген рецепторлық аппаратпен байланыста бола алады. Жалпы, ақыр- ғы жолы бар рефлекстерді одақтастар және онтогонистер деп бөледі. Біріншілері бірін-бірі қолдайды, күшейтеді, ал екіншіле- рі, керісінше бірін-бірі тежейді, яғни өзара жалпы ақырғы жол үшін «күреседі».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет