З. А. Аска- рова, Г. Т. Сраилова, С. С. Маркеева



бет32/116
Дата20.10.2022
өлшемі6,74 Mb.
#154173
түріСабақ
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   116
Байланысты:
Адам және жануарлар физиологиясы бойынша зертханалық сабақтарға жетекші құрал оқу құралы by Аскарова З.А. (z-lib.org)

Жұмыстың мақсаты: бақаның аралық миын тітіркендіру ар- қылы жұлындық рефлекстер тежелуінің даму үдерісін бақылау.
Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: хирургиялық құрал- саймандар жиынтығы, штатив, ас тұзы кристалдары, мақта, рин- гер ерітіндісі, секундомер, 0,2% күкірт қышқылы ерітіндісі, су, медициналық стакандар. Жұмыс бақамен орындалады.
Жұмыстың барысы: басы ашық қалатындай етіп бақаны салфеткамен орайды. Онан соң танау тесігінің арт жағынан бас сүйек терісін көлденең кеседі. Енді көлденең кесіндінің екі бұ- рышынан бақаның алдыңғы аяқтар орналасқан бөліміне қарай теріні қисық бағытта кеседі. Кесілген теріні бақаның арқасына қарай қайырып тастайды. Нәтижесінде бас сүйектің астында ор- наласқан миды көруге болады. Енді осы жолмен миды бас сүйектен тазарту керек. Ол үшін танау тесігі артындағы терінің көлденең кесіндісі ізімен сүйекті кеседі де, миға зақым келтір- мес үшін қайшының браншасын бас сүйек бағытына қарай қыса ұстап, сүйектің екі жағын тері кесіндісі ізімен алып тастайды. Одан кейін өткір хирургиялық скальпельмен үлкен ми сыңарла- ры полюстері астынан көлденең кесу арқылы ми сауытынан алып тастайды да қан әбден тыйылғанша бақаны астыңғы жақ сүйегінен штативке іліп қояды (20-сурет).
Бұдан кейін жараны қатқан қан түйіршіктерінен тазартып, тампонмен бірнеше рет құрғатады.

  1. 0,25 % күкірт қышқылы ерітіндісі арқылы әрбір 2 минут сайын үш реттен бақаның екі артқы аяғының жауап рефлексін анықтап, орташа көрсеткішін алады. Егер жауап рефлексі өте жылдам болса, онда 0,1% күкірт қышқылы ерітіндісін алған дұрыс болады. Әрбір тітіркендіргеннен кейін ол жерді сумен жуып отыру ԓажет.

  2. Рефлекстер уақытын анықтап болғаннан кейін ми кесін- дісін тампонмен құрғатады да ол жерге өте кішкентай тұз кристалын қояды. Жоғарыдағы жолмен рефлекс уақытын анықтайды. Жауап рефлексінің бар немесе жоқ екендігіне көз жеткеннен кейін тұз кристалын алып тастап, ол жерді рингер ерітіндісімен бірнеше қайтара жуады. 3-7 минут өткеннен кейін рефлекс уақытын қайталап анықтайды.



20-сурет. Сеченовтік тежелу



Тәжірибе кезеңдері



Артқы аяқты тітіркендіргеннен бастап, оны тартып алғанға
дейінгі рефлекстер уақыты

Сеченов кесіндісінен кейін




Тұз кристалын қойғаннан кейін




Тұз кристалын алып тастағаннан кейін






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет