Жұмыстың мақсаты: бақа етінен дайындалған препа- рат ұлпаларында электр тогының бар екендігіне көз жет- кізу.
Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: хирургиялық аспап- тар жиынтығы, рингер ерітіндісі, гальваникалық пинцет, шыны пластина, шыны ілгек, миограф, кимограф, электр тітіркендір- гіш. Жұмыс бақамен орындалады.
Жұмыстың барысы: Гальванидың бірінші тәжірибесі (1786 ж.)
а) декапитацияланған бақаның омыртқа жотасын қайшы- мен екіге бөліп, артқы аяқ бөлігін тәжірибе үшін қалдырады. Салфетка арқылы омыртқа қалдығынан ұстап, артқы екі аяқ- тың терісін сыпырып, препаратты ішкі мүшелерден тазарта- ды. Енді омыртқа жотасының екі жағына орналасқан жүйке шоқтарын көруге болады. Препаратты осы шоқтар арқылы Гальвани пинцетінің ілгегіне қыстырады. Бақаның аяғы цинк пластинкасына тиген сайын ет жиырылып, препарат цинк пластинкадан лақтырылып отырады. Бұл құбылысты түрлі металдар арасында электр тогының пайда болу құбылысымен түсіндіруге болады (4-сурет).
4-сурет. Гальванидың бірінші тәжірибесін сызба бойынша бейнелеу
ә) препаратты шыны пластинканың үстіне орналастырып, жүйке шоғырына Гальвани пинцетінің мыс ілгегін тигізсе, еттің жиырылуын байқауға болады.
Гальванидың екінші тәжірибесі (1794 ж.)
5-сурет. Гальванидың екінші тәжірибесі: а және ә – жүйкені етпен жанастырудың тәсілдері: а – зақымдалған бұлшық еттегі биотоктың бар екендігін анықтайтын сызба; ә – биотоктың зақымдалған
еттен ет-жүйке препаратына өтуін көрсететін сызба
а) дайындалған бұлшық ет-жүйке препаратын шыны плас- тинкаға орналастырады да, балтыр еттен кішкене түйір кесіп алады. Нәтижесінде зақымдалған және зақымдалмаған аймақ- тардың арасында потенциалдар айырмашылығы пайда болады. Жүйкені шыны ілгекпен зақымдалған және зақымдалмаған жер- лерге бірдей тиетіндей етіп, еттің ұзына бойына орналастырса, бұлшық еттің жиырылуын туғызады (5-сурет).
ә) екі препарат дайындап, бірінші препараттың жүйкесін, екінші препараттағы зақымдалған жерге тигізсе, бірінші препа- раттағы ет жиырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |