Мотив мақсат (зат) ретінде
Бұл пікір көзқарастардың ішіндегі ең кең тарағандарының бірі, өйткені адамның мінез-құлқының мақсатты, ырықты сипатын түсіндіреді.
Дәл заттың өзі адамның ниеттеріне мақсаттылық беріп, ниеттерге мағына береді. Осыдан мотивтің мағына қалыптастырушы қызметі пайда болады (А.Н.Леонтьев). Алайда Л.И.Божович осы көзқарастың - зат адамның іс-әрекетінің емес, тек қажеттілігінің ғана түрткісі деген бөлігін растауға болады деп ескертеді.
Бұл көзқарасты Л.И.Божович, А.Г.Ковалев, К.К.Платонов, С.Л.Рубинштейн қарастырған, қажеттілік мұқтаждығын қанағаттандыру мақсатында адамның ортаны өңдеуінің белсенді ұмтылысын қамтиды. Ерікті белсенділіктің қайнар көзі белгілі болғанымен адамның осы белсенділігі “неге” және “не үшін” көрініс береді деген сұрақтарға жауап бермейді.
Достарыңызбен бөлісу: |