З. А. Мовкебаева (қолы)


Қазіргі тұлға психологиясындағы зерттеу әдістерінің салыстырмалы талдауы



бет33/125
Дата19.03.2022
өлшемі0,77 Mb.
#136148
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   125
Байланысты:
З. А. Мовкебаева ( олы)

2. Қазіргі тұлға психологиясындағы зерттеу әдістерінің салыстырмалы талдауы.
Кесте 1 Тұлға психологиясында зерттеудің үш әдісін қолданумен байланысты салыстырмалы талдауы.



Зерттеу әдістері

Артықшылықтары

Кемшіліктері

Клиникалық жағдайла-рды зерттеу әдісі

1.Индивидуумның күрделілігі мен қайталанбастығын көрсетеді
2.Жасанды және ойдан құрастырылған лабораторлы жағдайлардан еркін

1.Мінез-құлықтың жалпы ұстанымдарын қалыптастырудың сенімді негізін қамтамасыз етпейді;
2.Нәтижелері зертеушінің қызығушылықтары мен жеке басына тән бейімділіктерін сипаттауы мүмкін.
3.Өзгергіштіктердің арасындағы себеп-салдарлы қатынастардың ерекшеленуін қамтамасыз етпейді.

Корреляциялы әдіс

1.Даралық ерекшеліктерге жататын өзгергіштіктердің кең ауқымын зерттеуге жағдай жасайды
2.Өзгергіштіктерді шынайы өмірдің табиғи жағдайларында зерттеуге жағдай жасайды
3.Бір өзгергіштік жайлы ақпараттың болашақта екінші өзгергіштіктің пада болуын алдын ала болжауға қолданылу ықтималдығын анықтауға мүмкіндік береді.

1.Өзгергіштіктердің себептті байланысқанын қорытындылауғамүмкіндік бермейді.
2.“Үшінші өзгергіштіктің” әрекетінен туындайтын келеңсіздіктер кездесуі мүмкін.
3. Өзін-өзі бағалау шкалаларының сенімділігі мен валидтылығы күдік тудыруы мүмкін.

Экспериментті әдіс

1. Кейбір өзгергіштіктерді жойып, олармен өз еркінше манипуляциялауға мүмкіндік береді.
2. Себеп-салдарлы байланыстарды
орнатады; себептілігін
қорытындылауға мүмкіндік береді.
3.Мәліметтердің жинақталуы, олардың тіркелуі мен талдануы
объективтендірілген.

1.Лабораторияда зерттеуге болатын феномендердің аймағы әдептік пікірлерге
орай шектелген.
2.Жасанды
лабораториялық жағдайлар экспериментті
ситуациядағы мінез-
құлықтың заңдылықтарын, басқа тесттік емес жағдайлардағы мінез-құлыққа қолданудың мүмкіндіктерін шектейді.
3. Зерттелінген өзгергіштіктің өзгеруіне экспериментті артефактілер әсер етуі мүмкін

Қайсібір теориялық міндетті шешуге арналған әдісті сұрыптау және бейімдеу үлкен өнерді, тапқырлық пен шығармашылықты қажет етеді. Алайда, персонологтардың өздерін қызықтырған феномендерді қалай зерттеуге болатынына қатысты нақты қалауларының бар екенін мойындаған жөн. Соған орай, психодинамикалық бағыттың назарындағы құбылыстардың көбінде ғылыми эксперименттің барысында емес, клиникалық жағдайлардың әдісімен зерттелген. Тұлғаны зерттеудің мақсаты кең теориялық контекстте ойластыруға болатын деректер мен заңдылықтарды анықтау болса да, біз сірә тек аздаған түсіністікке ғана ие болармыз. Соған қарамастан, толықтай білімсіздіктің орнын алмастыратын аздаған түсінік мақтанарлық мақсат болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   125




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет