З. А. Мовкебаева (қолы)


Қазіргі психологиядағы тұлғаны зерттеудің негізгі тұрғылары



бет36/125
Дата19.03.2022
өлшемі0,77 Mb.
#136148
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   125
Байланысты:
З. А. Мовкебаева ( олы)

2. Қазіргі психологиядағы тұлғаны зерттеудің негізгі тұрғылары.


1. Тұлғаны психологиялық құрылым ретінде талдаудың негізгі деңгейлері.
Барлығымызда тұлға ұғымы туралы азды-көпті білеміз. Көбінесе тұлға танымдылық, көпшілік алдындағы “имидж” ырық күші, өзіне деген жоғары дәрежедегі сенімділік және өзіндік сананың мықты дамуымен ассоциаланады (ұштастырылады). Бір адамдарда бұл белгі айқын, ал кейбірінде өте айқын емес түрде байқалады. Осылай неге болады екен деп қай қайсымыздың да ойланған уақытымыз болған шығар? Мәселен, бір адамдар басқалардан гөрі агрессивтілеу, ол неліктен? Неліктен, бір адамдар қандай жағдайда болса да өздерін салмақты, енді бірі үнемі күштену (напряжения) күйінде ұстайды? Осы бөлімде біз осы тәріздес сұрақтарға жауап беруге тырысамыз.
Тұлғаны психологиялық құрылым ретінде талдаудың үш деңгейі бар:

  1. Тұлғаның бөлек “элементтер” қасиеті;

  2. Тұлғаның компоненттері (сыңары, одақ, блок);

  3. Тұтас жеке тұлғаның қасиеті.

Тұлғаның үш деңгейінің қасиеттері мен одақтарының (блок) ара қатынасы жеке тұлғаның құрылымы деп аталады. Кейбір теориялар, кейде түрлі авторлар да бір теорияның шегінде бір ғана деңгейге назар аударады. Осыған орай, жеке тұлғаның элементтері мен блоктарының атауы әртүрлі. Жеке дара қасиеттерді көбіне – тұлғаның мінездемесі, нышаны (белгісі), диспозиция, мінез ерекшеліктері, сапа, димензия, факторлары деп атаса, блоктарды (одақтарды) – жеке тұлғаның компоненттері, сфера (орта), инстанция (саты), аспектісі (подструктуралар) шкалалары деп атайды.


Әрбір теория тұлғаның бір немесе бірнеше құрылымды үлгісін құрастыруға мүмкіндік береді. Үлгілердің
көбі ой (ойша) түрінде жүреді, тек кейбіреулері ғана қазіргі математикалық әдістерді пайдаланумен құрастырылған, әрі негізінен диспозициональды болып табылады.
Әрбір ықпалды жете қарастырамыз. Әр теорияны баяндаудың соңына қарай әрбір ықпал шеңберінде тұлғаға ашып анықтама беруге және “бір адамдар келесі бір адамдарға қарағанда агрессивті болып келеді?” деген сұраққа жауап беруге тырысамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   125




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет