2. Зигмунд Фрейд – тұлғаның мінез бітістерінің кезеңдері туралы. Тұлғаның жеке “элементтерінің” негізгі психологиялық қасиеттерін көбіне мінездің белгілері деп атайды (З. Фрейд., 1989). Бұл қасиеттер адамда ерте балалық кезеңде қалыптасады.
Бірінші, “оральды” даму сатысында (туғанынан 1,5 жасқа дейін) баласын төсімен тамақтандырудан қатал әрі тұрпайы түрде бас тартуы баланың бойында сенімнің жоғалуы, шамадан тыс дербестік және өте белсенділікті, ал омырауымен уақыт бойы тамақтандыру (1,5 жастан да ұзақ) өте сенгіш, енжар және тәуелді жеке тұлғаның қалыптасуына алып келеді.
Екінші, “анальды” сатысында әжетханалық дағдыларға үйрету процесінде баланы дөрекі түрде жазалау мінез-құлықтың сараңдық, ұқыптылық және нақтылық, дәлдік сияқты “анальды” қасиеттерін тудырады. Дәретханалық дағдыларға үйрету барысында ата-ананың балаға көз жұма салушы қарым-қатынасы нақты емес, жомарт тіпті шығармашылық жеке тұлғаның қалыптасуына әкелуі мүмкін.
Бала дамуының ең маңызды “фаллистік” яғни, үшінші сатысында ұлдарда “Эдип (комплексі (3 тен 6-жасқа дейін), қыз балаларда “Электра комплексінің” қалыптасуы жүреді. Эдип комплексі, өзіне жынысы қарама-қарсы адамға (анасына) деген алғашқы жыныстық құштарлығын үзетіндіктен ұл баланың өз әкесін жек көруінен байқалады.
Әкесі белгілейтін жанұя және әлеуметті шарттарды қабылдамауымен байланысты заңға бағынбайтын мінез-құлық пен агрессивті мінез осыдан кеп шығады. Электра комплексі (әкесіне ұмтылу және анасын жақтырмау) қыздың бойында анасы екеуінің арасындағы қарым-қатынаста алшақтықтың пайда болуын қалыптастырады.