Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар:
Тұлға дамуының басты көздерінің сипаты қандай (туа біткен немесе жүре пайда болған)?
Тұлғаның қалыптасуына қай жас кезеңі маңыздырақ?
Тұлға құрылымында қандай үрдістер (процестер) басымдық көрсетеді, саналы немесе санасыз?
Тұлға ырық бостандығын меңгерген бе және адам өз мінез-құлқының үстінен бақылауды қандай дәрежде жүзеге асыра алады?
Адамның жеке (ішкі) әлемі субъективті, ал ішкі объективті бола ма, және объективті әдістер арқылы анықталады ма?
7 тақырып. Тұлғаның психиодинамикалық теориясы
Жоспары:
1. Тұлғаның психодинамикалық теориясының негізгі бағыты.
2. Зигмунд Фрейд – тұлғаның мінез бітістерінің кезеңдері туралы.
3. Зигмунд Фрейд – тұлғаның негізгі үш тұжырымды сатысы туралы (ид, эго, супер эго).
1. Тұлғаның психодинамикалық теориясының негізгі бағыты.
Тұлғаның психодинамикалық теориясының немесе классикалық психоанализ деген атпен танымал теорияның негізін салушы австрия ғалымы З.Фрейд.
Фрейдтің пікірі бойынша, тұлға дамуының қайнар көздері – туа біткен биологиялық факторлар (инстинктер), нақтырақ айтқанда, жалпы биологиялық энергия – либидо (латын: Либидо-құштарлық) болып табылады. Бұл энергия біріншіден, тегін жалғастыру (жыныстық құштарлық) және екіншіден, жоюға (агрессивті құштарлық) бағытталған. (З. Фрейд., 1989). Тұлға өмірдің алғашқы алты жылында қалыптасады. Тұлға құрылымында санасыздық басымдық танытады. Либидонның жартылай негізін құрап тұратын жыныстық және агрессивті құштарлықтарды адам өзі ұғынбайды.
Фрейд, тұлғаның ешқандай ырықты бостандықты меңгермегенін бекіткен болатын. Адамның мінез-құлқы, оның жыныстық және агрессивті түрткілері толықтай анықталады, оларды Фрейд ид (ол-оно) деп атады.
Тұлғаның ішкі әлемін осы ықпал шегінде субъективті түрде қарастырған. Адам өзінің ішкі әлемнің тұтқыны болады, түрткінің (мотив) шынайы мазмұны мінез-құлқы қасбеттің (фасад) артында жатыр. Тек адамның тұлғалылығы туралы нақты мағлұматты суреттеме (обмоловки), түс көру және арнайы әдістер ғана бере алады.
Достарыңызбен бөлісу: |