2-тақырып. Тəрбиенің мақсаты, оның əлеуметтік тұрғыдан негізделуі Мақсат - ғылыми категория жəне тұлғаның идеалдық моделі. Тəрбиенің мақсаты - тұтас педагогикалық үдерістің жүйетүзуші факторы. Педагогикалық үдерістегі мақсаттардың иерархиясы. Тəрбиенің мақсаты - нақты тарихи құбылыс. Педагогикалық ойлар
тарихындағы тəрбие мақсаты туралы мəселелер. Тəрбиенің мақсаты – жанжақты жəне үйлесімді дамыған тұлға ұғымын қалыптастыру. Тəрбие мақсатының жалпыадамзаттық құндылықтар, мəдениеттілік, жеке тұлғаны жан-жақты үйлесімді дамыту идеясы, ұлттық құндылық бағдар, тəрбие үдерісін ізгілендіру жəне демократияландыру, құзыреттілік тұрғысы
негізіндегі қазіргі анықтамалары. Əлемдік жəне ұлттық мəдениет – тəрбие мақсатын анықтаудың əдіснамалық негізі. Қазақстан Республикасының əлеуметтік-экономикалық
дамуының жас ұрпақты өз бетімен өмір сүруге тəрбиелеу мен дайындау мақсатына, міндеттеріне əсері. Педагог құзыреттілігінің мақсатты үдеріске əсері.
Негізгі ұғымдар: тəрбиенің мақсаты, əлемдік мəдениет, ұлттық мəдениет, жалпыадамзаттылық құндылық, ұлттық құндылық, жан-жақты үйлесімді дамыған тұлға.