3- тақырып. Оқыту формалары, əдістері мен құралдары ТПҮ-нің қозғаушы механизмі ретінде
Оқыту құралдары туралы түсінік. ТПҮ-тің оқыту құралдары – іс-əрекет түрлері (ойын, таным, еңбек, қарым-қатынас). Дидактикадағы дəстүрлі оқыту құралдары жəне оларға сипаттама. Мұғалім мен оқушының өзара əрекеттестігінің тəсілі ретінде оқытуды
ұйымдастыру формасы туралы түсінік. Оқытуды ұйымдастыру формасы, əдістері мен құралдары арасындағы арақатынас. Қазіргі заманғы мектептегі оқу жұмысын ұйымдастырудың формалары: сабақ, экскурсия, практикумдар мен семинарлар, оқушылардың оқу үй
жұмыстары, сынақтар, консультация, емтихан, факультатитвті сабақтар жəне т.б. Сыныптан тыс оқу жұмысының формалары: пəндік үйірмелер, ғылыми қоғам, олимпиадалар, байқаулар жəне т.б. Педагогикалық шығармашылықтың нəтижесі ретінде оқытудың инновациялық формаларын қолдану. Оқушылардың оқу жəне оқудан тыс танымдық іс-əрекеттерін
үйлестіру.
Негізгі ұғымдар: оқытудың формалары, сабақ жəне сабақтан тыс формалар, оқытуды ұйымдастырудың фронтальды, топтық, дербес формалары.
Достарыңызбен бөлісу: |