4. Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің негізгі бағыттары 4.1.Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметі қызметінің басты бағыттарына мыналар жатады:
- психоәлеуметтік диагностика - оқушылардың бастапқы мүмкіндіктерін, жеке ерекшеліктерін және жеке тұлғаның бейімділігін, оқыту мен тәрбиелеу процесінде оның әлеуетті мүмкіндіктерін анықтау бойынша зерттеулер жүргізу, сондай-ақ оқушылардың дамуындағы ауытқуларды, оқудағы, әлеуметтік бейімделудегі қиындықтардың себептерін анықтау;
- әлеуметтік қауіп-қатердің әлеуетті және нақты топтарын анықтау;
-психокоррекциялық жұмыс-педагог-психологтың, әлеуметтік педагогтың, мұғалім-логопедтің, мұғалім-дефектологтың, дәрігердің оқушылармен түзету-дамыту жұмыстарын жүргізу және бағдарламаларды әзірлеу бойынша бірлескен қызметі;
- білім беру процесіне қатысушылардың жалпы және арнайы қабілеттерін дамыту бойынша ата-аналар, педагогикалық ұжым арасында әлеуметтік-психологиялық тренингтер, рөлдік ойындар, топтық пікірталас ұйымдастыру және өткізу;
- әрбір жас кезеңінде білім алушылардың, тәрбиеленушілердің толыққанды тұлғалық дамуы мен өзін-өзі анықтауы үшін жағдай жасау мақсатында, сондай-ақ жеке тұлғаның қалыптасуындағы және интеллектінің дамуындағы ықтимал бұзушылықтардың дер кезінде алдын алу үшін білім беру процесіне қатысушыларды психологиялық - педагогикалық және медициналық-әлеуметтік ағарту;
- әртүрлі психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік-медициналық проблемалар бойынша білім беру процесіне қатысушыларға әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық кеңес беру;
- оқушылар мен ата-аналарға өмірлік қиын; оқушыларды дамыту, тәрбиелеу және оқыту мәселелерінде педагогтарға кеңес беру;
- ұйымдастыру - әдістемелік қызмет-ұйымдастырушылық-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыстарды жүргізу (сүйемелдеу нәтижелерін талдау және қорыту, оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу, ғылыми зерттеу материалдарын өңдеу); тәрбие және әлеуметтендіру мәселелері бойынша әдістемелік бірлестіктерге, семинар-практикумдарға, конференцияларға қатысу; тәрбиеленушілердің денсаулық жағдайын ескере отырып, оларды сауықтыру бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
- білім беру ұйымдарында білім алушыларды; инновациялық әдістерді меңгеру бойынша семинарлар, тренингтер және консультациялар ұйымдастыру және өткізу; мүмкіндігі шектеулі балалардың деректер банкін қалыптастыру, отандық және шетелдік ғылым мен психологиялық-педагогикалық және медициналық-әлеуметтік қолдау бойынша практиканың жетістіктерін зерделеу.