З. Г. Жокушева экологиялық мониторинг



бет43/77
Дата02.02.2022
өлшемі434,5 Kb.
#117018
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   77
Байланысты:
ekologiyaly monitoring

Сабақтың жоспары:

І. Зертханалық жұмысты орындау

ІІ. Бақылау сұрақтарына жауап беру

ІІІ. Блиц тест

ІV. Зертханалық жұмысты тапсыру
Жұмыстың барысы

Мұнай өнімдерімен ластанған топырақтағы күкіртсутек мөлшерін анықтау. Топырақта анаэробты микроорганизмдер қатысуымен органикалық заттардың ыдырау процестері үздіксіз жүреді. Кейбір бактериялар органикалық заттарды тотықтыруға сульфаттардың оттегісін пайдаланады да, бұл кезде күкіртсутек Н2S бөлінеді. Бұндай процесс органикалық заттарға бай топырақтарда жүреді. Н2S – түссіз газ, су мен органикалық еріткіштерде жақсы ериді, күшті тотықсыздандырғыш болып саналады. 2 үшін ПДК – 0,4 мг/кг топырақта.

Топырақтағы күкіртсутекті анықтау әдістемесі мұнай өнімдерімен ластанған топырақтардағы Н2S-ті анықтауға арналған. Анализ қышқылдық ортада КІ мен КмnO4 әрекеттесуі кезінде бөлінетін І2-тің Н2S-ті тотықтыру реакциясына негізделген.

Жұмыстың барысы: 100 г топырақты конустық колбаға салып, үстіне 200 мл дистилденген су құяды. Колбаны тығынмен жауып, 4 мин шайқайды. Бұдан кейін ерітіндіні фильтрлеп, конустықколбаға 100 мл фильтратты құяды., бірнеще тамшы Н2SO4 тамызып, үстіне 1 мл 10 %-тік КІ ерітіндісін құйып, араластырып, бюреткадан 0,01М КмnO4 ерітіндісімен сары түс пайда болғанша титрлейді. Йодтың артық мөлшерін 1%-тік крахмал ерітіндісінің бірнеше тамшысын тамызып, тиосульфат ерітіндісімен титрлейді. 0,01М КмnO4 ерітіндісі мен титрлеуге кеткен тиосульфат ерітіндісінің айырмасы 100 мл фильтраттағы күкіртсутектің тотығуына кеткен 0,01М І2 ерітіндісінің мөлшеріне тең болады. 1 мл 0,01 н ерітіндісінде 0,17 мг Н2S болады. Мысалы: 0,01М КмnO4 ерітіндісі мен титрлеуге кеткен тиосульфат ерітіндісінің айырмасы 3 мл болсын. Онда 100 мл фильтраттағы күкіртсутек мөлшері – (0,17) 3 = 0,51 мг болады. Ал 200 мл фильтратта, яғни 100 г топырақта – (0,51) 2 = 1,02 мг Н2S болады. Сонда топырақтағы Н2S концентрациясы С (мг/кг топырақта) 1,02 С = 1000 ——— = 10,2 мг/кг 100

Топырақтың анализінде оның ылғалдылығын да анықтайды, себебі, анализде топырақ абсолютті құрғақ болуы керек.

Топырақтың ылғалдығын анықтау:

Кептіргіш шкафта 100-105. С температурада кептірілген қақпағы бар шыны стаканды (бюксты) аналитикалық таразыда 0,0001 дәлдікке дейін өлшейді, оған топырақ үлгісін салады. Қарашірігі мол топырақтар үшін 15-20г үлгі алынады, одан соң бюкстың қақпағын ашып, 8 сағатқа 105.С температурада кептіреді. Кептірілген топырақты эксикаторға салып, 20-30 мин жауып қояды. Эксикаторға ондағы ауаны кептіру үшін конц Н2SO4 немесе сусыз кальций хлоридін салады.

Топырақ үлгісі кепкен соң аналитикалық таразыда өлшеп, тағы да кептіргіш шкафта 1-2 сағат сол температурада кептіреді. Кептіру мен өлшеуді 0,0003 г дәлдікке дейін жүргізу керек.

Топырақтың ылғалдығын W (%) төмендегі формула бойынша есептейді,.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет